0:00 / 0:00
Ақжолдықтардың айтуынша, өткен отыз жылда мұнай-газ, яғни стратегиялық кен орындарымен жасалған құпия келісімшарттарды қайта қарау керек. Халыққа тиімсіз, әділетсіз келісімдерді тоқтатуды талай жылдан бері талап етіп келе жатқан партия депутаттары жалпы бес рет, соның ішінде Үкіметке үш рет депутаттық сауал жолдады. Барлығында да нақты шешімнен бас тартты дейді Қазыбек Иса.Енді бұл мәселені жаңа үкіметке, Заңсыз иемденген активтерді мемлекетке қайтару комиссиясына. Бас прокурорға қайта жолдап отыр. Әзірге Стратегиялық кен орындарындағы Қазақстанның үлесі 50 пайыздан аз болмауын заңмен бекітуге қол жеткіздік. 30 жыл жатқа кетіп жатқан ел байлығына тосқауыл қоюда бұл Парламенттің үлкен еңбегі деп санайды мәжілісмен
ҚАЗЫБЕК ИСА – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Бірақ, "Шетелдіктермен кен орындары жайлы жасасқан Өнімді бөлу Келісімдерін (ӨБК) ашық жариялау керек" деген ел күтіп отырған талап әлі орындалмай келеді.Өнімді бөлу туралы келісім деген не? Ол – ең алдымен инвестордың мүддесі мен пайдасын ғана қорғайтын келісім. Дамыған елдерде мұндай өнімді бөлу туралы келісім жасалмайды. Мемлекет инвестордың бүкіл шығынын өтейтіндіктен, инвесторға еш қауіп жоқ. Ал мемлекетке ше?
Мысалы, мемлекет Қашағандағы мұнайдан бар-жоғы 2 пайыз пайда көріп отыр. Осылайша жер асты байлығын пайдаланып жатқан шетелдік алпауыт компаниялардан елдің иеленгені теңізге тамған тамшыдай. Депутат сәуір айында Қазақстан Қашаған мұнай кен орнын игеруші халықаралық мұнай компанияларынан жоғалған пайданың орнын толтыруды талап етті. Өндіріп алғысы келетін өтемақы көлемін 150 млрд долларға дейін арттырғанын еске салды. Бұл - отыз жылға жуық жат елдің қазынасына құйылып жатқан қара алтынымыз – мұнай мұхитының өз халқына тиесілі заңды сыбағасы дейді ол.
ҚАЗЫБЕК ИСА – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ Яғни, бұл бұрын да атап айтқанымыздай, Мұнай өнімін бөлу туралы құпия келісім “Ескі Қазақстан” билігі үшін зор келісім болғанмен, халық үшін сор келісім болғанының айқын айғағы.Демек, талай талап еткеніміздей, трансұлттық мұнай-газ компанияларының халықты қанаушы шарттарын қайта қарауға тиіспіз.Біз осы қорлыққа отыз жылға жуық төзіп келеміз!
Ақжолдықтар өнімді бөлісу келісім-шарттарының мерзімі 2033 және 2041 жылдарға дейін. Сондықтан, әлі тағы да 20 жылдай ел байлығы сыртқа ағылатындықтан,келісімдерді халқымыздың пайдасы үшін ашық жариялап, қайта қарауымыз қажет деген талабын алға тартты. Депутаттың айтуынша, Өнімді Бөлісу Келісімі Парламентте талқыланбаған және ратификацияланбаған, халықтан жасырын жасалған, сондықтан олар біздің заңдарымыз бен Конституциямызға бағынуы тиіс. Өз кезегінде Заңсыз активтерді мемлекетке қайтару комиссиясы Өнімді бөлу Келісімдері ашылмаса да, қатаң тексеріп, жемқорлық анықталса, активтерді мемлекетке қайтаруы тиіс,-деген ұсынысты жолдады.