Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Депутаттар жастармен кездесті

c 18:05, 12/05/2022 c 903

0:00 / 0:00

Ата Заңға өзгеріс - "Жаңа Қазақстанды" құруға, яғни болашақ үшін қажет! ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Референдумға сәйкес ҚР Конституциясының 33 бабына 56 өзгеріс енгізілмек. Қазір аталмыш мәселе бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары басталды. Осы мақсатта облысқа ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары Ерлан Барлыбаев пен Дания Еспаева келді. Студент жастармен кездесіп, ата заңға енгізілуі қажет өзгерістерді айтып өтті.

ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының өңірдегі іс-сапары 90 жылдық тарихы бар білім ордасында басталды. Халық қалаулылары Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ оқытушылары және студенттерімен кездесті. Сөз алған Ерлан Барлыбаев пен Дания Еспаева конституцияға түзетулер енгізу бойынша 5 маусымда өтетін референдум жайына тоқталып өтті. Айтуларынша, жалпы алғанда 33 бапқа 56 толықтыру енгізу жоспарланып отыр екен. Жиын барысындағы қызу талқылаулар кезінде студент жастардың референдумды қолдайтындығы анық байқалды.
"Ақжол" партиясы атынан сайланған ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының негізгі мақсаты- конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды халыққа түсіндіру. Түзетулерді еліміздің барлық азаматтарына жеткізу. Олардың ұсыныстарымен танысып, референдумда сәйкес шешім қабылдау. Өйткені, "Бюллетень формасында "иә" немесе "жоқ" деген қысқа жауаптар ғана болады. Демек, "Ақжолдықтар" айтып отырған қажетті өзгерістер еліміздің болашағына ауадай қажет. Мысалға, референдумда конституциялық сотты қайта құру мәселесі қаралған. Президентке саяси партияларға мүше болуға, ал оның жақындары мен туыстарына саяси және квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынған. Қала берді парламент жұмысы мен сайлау жүйесін өзгерту мәселелері қамтылған.
Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысы өз жолдауында аталмыш бастамалар Қазақстан Республикасының саяси жүйесін түбегейлі өзгертуге бағытталғанын атап өтті. Қазір осы мәселе бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл іске Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы да білек сыбана кірісті.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.