Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәрі дауы

c 10:01, 16/07/2020 c 584

0:00 / 0:00

Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі «СҚ Фармация» жұмысын қолға алды. Өздеріңізге мәлім, Қытай мен Ресейден келген қайырымдылық көмек еліміздің ауруханаларына таратылуы керектін. Оның ішінде дәрі-дірмек, қорғану заттары бар. Алайда, әлеуметтік желіде бұған дейін келген қайырымдылық көмектер ел дәріханаларына жіберіліп, сатылуда деген ақпарат тарады. «СҚ Фармация» бұл қауесетпен келіспейді. Дәрі сақталған қоймалардың барлығы бейнебақылаумен қамтылған. Дәрі-дәрмекті қабылдау барысында медициналық ұйымдар  тауарды түбіртекпен тексеріп тұрып қабылдап алады дейді компания өкілдері. «СҚ Фармацияның» қоймаларындағы дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтарды біздің арна тілшілері өз  көздерімен көріп қайтқан еді.

Қауіпті індет өршіп тұрған сәтте елде дәрі таппай сабылған азаматтар мұның қасіретін көрді. Дәріханаларда қарапайым дәрілердің өзі жоқ болып кетті. Мәлім болғандай алып-сатарлар дәрілерді жаппай сатып алып, бағасын он есеге арттырып сатты. Құқық қорғау органдары күн сайын бұл заң бұзушылықты анықтауда. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде шетелден қайырымдылық көмекпен келген дәрілерді «СҚ Фармация» дәріханаларға өткізіп сатып жатыр деген мәлімет тарады. Өздеріңізге мәлім, жақында Президенттің бұйрығымен елдегі дәрі тапшылығы орын алуына қатысты «СҚ Фармацияның» басшысы жұмысынан ұшқан болатын. Қазір енді жаңа басшы келіп, компания қоймаларындағы дәрілерін көрсетіп, қауесетті жоққа шығаруға тырысып жатыр. Бүгін елордадағы қоймалардың біріне бас сұққан жемқорлықпен күрес агенттігі бұл шараға БАҚ өкілдерін де шақырған еді. Маслихат депутаты Мирас Шәкенов өзі көргендей қойма толы дәрі. Дәріханаларда тапшы болған перапараттардың бәрі бар. Мұның көбі қайрылымдылық көмекпен келген. Ал індетке шалдығып, жанына дауа болатын дәрі таппай қиналған жұрт қарапайым парацетамолға зар болған еді. «СҚ Фармация» өкілдері болса бәрі тендер арқылы жүргізіледі деп отыр. Егер дәрі тапшылығы орын алса, онда аурухана аз дәріге тапсырыс берген. Ал қоймалардың толып тұруы, қашанда дәрі артығымен болуы тиіс дейді олар.

Әйгерім Смайылова – «СҚ фармация» баспасөз қызметінің қызметкері «Біз тек медициналық ұйымдар тапсырыс берген препараттарды ғана сатып аламыз.Өздері қанша тапсырыс берді, солай береміз»

Әлеуметтік желіде отырған қазақстандық блогерлер елге қайырымдылық көмекпен келіп жатқан дәрілерді дәріханаларда сатып жатыр деп жазады. Наргиз Северная өзінің жазбасында түнде дәріханалардың біріне  Катардан келген дәрілерді тасып жатқанын көргенін жазады. Оның айтуынша, қораптарда Катар авиакомпаниясының жапсырмалары болған. Алайда, «СҚ Фармация» бұл ақпаратты жоққа шығарды. Енді сыбайлас-жемқорлықпен күрес агенттігі Ресей мен Қытайдан әкелінген қайырымдылық көмектің дұрыс үлестірілуін тексермекші.

Жәзира Жылқышиева – Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары «Егер біз қандай да бір заң бұзушылықта тапсақ, тиісінше шара қолданамыз. Біздің шаруамыз қазір бәрін мониторингтен өткізу керек.Дәрі ауруханаға жетті ме, жоқ па? Себебі, көп әңгіме айтылып жатыр. Қайрымыдылық көмек келді,ол бір жерде сатылып жатыр деген.Әлеуметтік желіде, БАҚ-та көп айтылуда.Біз бұған қоғам белсенділерін де тартып жатырмыз»

Осылайша, қағазбастылық, бюрократиялық әрекеттердің салдарынан адам өміріне аса қажетті дәрілер қоймаларда шаң басып жатыр. Тапшылық та осыдан орын алуда. Мәселе ушыққасын болар, бұл жолы дәрі-дәрмектерді аймақтарға жеткізу жұмысы жедел жүріп жатыр.

Вера Ким- Нұр-Сұлтан қаласының аймақтық қоғамдық бақылау  координаторы «Бізге хабарлаған кезде келдік. Ал сол сәтте тауардың бір бөлігі жоқ. Оны басқа аймақтарға жіберіп қойған.Көріп отырғандарыңызда қойма толы дәрі»

Не керек,  дәрі-дәрмек қоймаларында қажеттің бәрі бар. «СҚ Фармация» өзіне тағылған айыптан ат-тонын ала қашуда. Компания төңірегінде дау-дамай көп. Депутат Меруерт Қазбекова бұған дейін, еліміздің бірыңғай дистрибьютері кейбір препараттарды 5 есеге қымбатқа сатып алған. Грузияның денсаулық сақату министрлігі тура осы дәрілерді әлдеқайда арзанға алғанын айтқанды. «СҚ Фармацияға»  1,3 млрд теңге айыппұл да салынды. Алайда, компаниядағы жағдай өзгермей тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.