0:00 / 0:00
Республикалық бюджеттің кірістері 10,5 пайызға төмендеді. Бұл жайында бүгін өткен Үкіметтің онлайн отырысында мәлім болды. Министрлер кабинеті төтенше жағдай барысында қазынаның шығысы мен кірісін қатарап, талқылады. Вице-премьер Әлихан Смайыловтың мәлімдеуінше,сыртқы факторлар ел экономикасына теріс әсер етіп, республикалық бюджеттің кірістері 10,5 пайызға төмендеген. Бұл салықтардың есебінен қалыптасып отырған жағдай.
Елдегі төтенше жағдай халықтың денсаулығына қауіпт төндіргенімне бірге, ел экономикасына да кері әсер етуде. Өйткені елде жұмыс тоқтап тұр. Бизнес шығынға батып жатыр. Азаматтар табысын айырылуда.Осы орайда мемлекет салық салуды тоқтату туралы шешім қабылдағанды. Импорттың қысқаруынан салықтың азаюы тағы бар. Оған қоса, әлемдік экономикалық дағдарыс та жағадан алып отыр.Мұның салдарынан қазынаға түсетін түсімдер де азаятыны сөзсіз. Республикалық бюджеттің кірістері 10,5 пайызға төмендеді.
Республикалық бюджет шығыстары 2 трлн 971 млрд теңгені құрап отыр. Өткен жылмен салыстырсақ, шығын көлемі 109,8 пайызға артып отыр. Бұл дегеніміз 265 млрд теңгені. Сондай-ақ, қажетіне бөлінген бюджет қаражатын игере аламй отырғандар бар. 11 млрд теңге игерілмей қалған.
Жергілікті жерлерде 4,7 млрд теңге игерілмей қалған. Қазына қаржысын толық игермегендер қатарында Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары, Ақмола мен Атырау облыстары бар. Өз кезегінде елдегі экономкиалық ахуалды баяндаған Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов сыртқы факторлардың теріс әсерінен шығу жолдарын ұсынды. Ол үшін әкімдерге құрылыс жұмыстарын жандандыруға, мемлекеттік сатыпалуды жылдам өткізуге, нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу, бизнеске арзан несие беру, инвестиция тарту мәселелерін тез арада қолға алуға кеңес берді.