Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бюджет қабылданбады

c 09:35, 20/11/2020 c 440

0:00 / 0:00

Парламент Сенаты мәжіліс мақұлдаған 2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын қабылдамады. Жоғарғы палата заң жобасына  39 түзету енгізіп, төменгі палатаға кері қайтарды. Осылайша заң жобасын талқылау кезінде депутаттардан 743,8 миллиард теңге қосымша қаржыландыруды қажет ететін 91 ұсыныс келіп түсті, оның ішінде 2021 жылға – 419,1 миллиард теңге. Үш жылдық кезеңге 20 миллиард теңгеге ұсыныстар қолдау тапты.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысына нөкерлерін ерте келген премьер-министр Асқар Мамин үкіметіне депутаттар бірқатар ұсыныстарын да айтып қалды.

Бас қаржы құжатында  Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 2021 жылы – 2 трлн 700 млрд теңге, 2022 жылы – 2 трлн 400 млрд теңге, 2023 жылы – 2 трлн 200 млрд теңге сомасында көзделіп отыр. Бұл қаражат республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталады. Алайда, сенаторлар келесі жылдан бастап көбейетін әлеуметтік төлемдерді инфляция жеп қойып жатыр деді. Депутат Бақтиярұлы 7 пайызға өсетін зейнетақы көлемі халыққа түкке жарамай қалайын деп тұрғанын айтты. Үкіметке осы мәселені қайта қарау ұсынды.

Ал ұлттық банк төрағасы қазан айында инфляция жылдық мәнде 7,1 пайыз болды. Дегенмен, баға өсуі тежеліп, 2021-2022 жылдары инфляция 4-6 пайыз дәлізіне оралады деп сендірді.

Ерболат Досаев –Қр ұлттық банк төрағасы «Қазір инфляция 7,1 пайызды құрап отыр. Жыл соңына дейін 8 пайыздан төмендеу болады. Болжамымызша баға өсуі біртіндеп тежеліп, 2021-2022 жылдары инфляция 4-6 пайыз дәлізіне оралады».

Сондай-ақ, депутаттар үкіметке ауылды дамыту үшін қабылданып жатқан бағдарламалардың тиімділігін арттыруда Ұлттық жоба қабылдауды ұсынды. Үкімет басшысына палата төрағасының пікірімен келісуге тура келді.

Не керек, сенат мәжіліс майшаммен қарап мақұлдаған 2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасынан көп жетіспеушілікті тапты.  39 түзету енгізіп, төменгі палатаға кері қайтрапы жіберді. Осылайша заң жобасын талқылау кезінде сенаторлардан 743,8 миллиард теңге қосымша қаржыландыруды қажет ететін  ұсыныс түсті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.