Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бүгінгі күннің батыры

c 17:49, 09/08/2022 c 1428

0:00 / 0:00

7-тамызда Орал қаласының Солтүстік -Шығыс ықшам ауданында орналасқан бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Абырой болғанда тұрғындар дін аман. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 1 сағатта сөндіріп үлгерген. Бесінші қабатта қызыл жалыннан шыға алмай қалған әйел адам мен балаларды Азамат есімді қала тұрғыны құтқарыпты. Өз өмірін қатерге тіккен ер адам бұл ісін ерлік деп санамайды. Бүгінгі күннің батырымен арна тілшілері кездесіп, тілдесіп қайтты.

Оқиға тамыздың жетісінде қаланың Солтүстік-Шығыс ауданында орналасқан тұрғын үйде болыпты. Азамат түскі мезгілде үйінен шыққанда қызыл жалынға оранған ғимаратты көреді. Қасына барғанда бесінші қабаттың терезе жақтауында әзер тұрған қос бүлдіршін мен көмек сұраған әйел адамды көзі шалады. Ол үш адамның өмірін ойланбастан құтқаруға шешім қабылдапты. Бесінші қабатқа көмекке асыққан жандармен бірге көтеріледі. Тілсіз жау тұтанған дәлізді тапқанда бөгде адамдардың есікті бұзып жатқанын көріпті. Есік бұзылған бойда дәліз қара түтінге боялған. Азамат бірден жүресінен отырып, жорғалап, жанып жатқан бөлмеге кіреді.

Абырой болғанда Азамат қара түтін қаптаған бөлмеден үш адамды құтқарып, қауіпсіз жерге шығарады. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды 1 сағатта сөндіріпті. Тілсіз жаумен күресу үшін 8 маман жұмылдырылған.

Екі бала мен әйел адамды ажалдан арашалап қалған Азамат бұл ісімді батырлыққа баламаймын. Қиын жағдайда әрбір адам осындай қадамға барар еді,- дейді. Бүгінгі күннің батыры өрт кезіндегі дағдыны әскерде үйренгенін айтады. Үш адамның тағдырына араша түскен батырдың ерлігі әлеуметтік желіде тез таралып, көпшілік тәнті болды. Алайда Азаматты сынаған жандар да аз емес.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.