Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Блокбекеттер алынды

c 17:52, 01/06/2020 c 495

0:00 / 0:00

Өңірде эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз болып отыр. Коронавирус жұқтыру қаупі сейілген жоқ. Сондықтан тұрғындарға сақтық шараларын ұмытуға болмайды. Дегенмен ел аумағында кеше түннен бастап блокбекеттер күшін жойып, көлік қатынасы реттеле бастады. Мәселен, облыс аумағында барлығы 60 блок бекет болса, оның 9-ы Оралдың кіре берісіне қойылған еді. БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Жанболат Жаншиннің айтуынша, аса жауапты міндетке 300-ге жуық тәртіп сақшысы тартылған. Естеріңізге сала кетеміз, ковид 19 инфекциясын облыс бойынша полиция қызмектері жұқтырып алған. Блокбекеттер 78 күн бойы яғни, төтенше жағдай жарияланған күннен бастап карантиндік режимге өткенге дейін кезеңде ауру ошағын жоюдың алғышартарының біріне айналды. Осы маңызды істе уақытпен санаспай өз міндеттерін абыроймен атқарған құқық қорғау қызметкерлері ПД мен қала әкімінің құрмет грамотоларына ие болды. Ал тоқсан жолдың торабына айналған жол арқылы қатынаған тұрғындар бірқатар туындаған қиындықтардың болғанын айтты. Өңірде коронавирус инфекциясына қатысты 665 жағдай тіркелді. Науқастардың ішінде 30 жағдай балаларға қатысты. Стационарда 300 адам ем алуда. Оның ішінде аурудың симптомсыз түрімен - 135, жеңіл түрімен - 104, орташа түрімен - 57, ауыр түрімен - 4 науқас емделуде. Сонымен қатар, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды. Емдеу диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілуде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.