Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-ның клиникалық ауруханасында жаңа томограф пайда болады

c 17:55, 20/03/2018 c 664

0:00 / 0:00

Мемлекеттік жеке-серіктестік бағдарламасы аясында БҚО-ның клиникалық ауруханасында жаңа томограф пайда болады. Осы мақсатта аймақтағы денсаулық сақтау басқармасы мен инвесторлар арасында келісімге қол қойылды. Сондай-ақ Шыңғырлау ауданы, Лубенка ауылында ауысымына 35 адам қабылданатын дәрігерлік амбулатория құрылысымен қандай компания айналысатыны белгілі болды.

Мемлекеттік жеке-серіктестік бағдарламасы аясында мемлекетке түсетін шығын жеңілдеп отыр. Яғни бір жылда бюджеттен бөлінетін қаржы қысқарып, ол инвесторларға бөліп төленеді. Бұл жобалар мәслихат сессиясында депутаттармен мақұлданды. Облыстық ауруханада пайдаланылып жүрген томограф құрылғысы жаңалауды талап етеді. Себебі ескіріп, әрбір процедура 40-90 минутқа дейін уақыт алады.

Заманауи томографтың сатып алынуы түрлі дерттің алдын алып емдеуде және нақты диагнозын анықтау қажетті тексерістерді өткізуге мүмкіндік туғызады.

Сондай-ақ Лубенка ауылындағы медициналық мекеме де ескіріп тұр. Сол себепті ауыл халқына жаңа дәрігерлік амбулаторияның қажеттілігін шешу қолға алынып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.