0:00 / 0:00
БҚО-да саудадан 348 мың шиша алкоголь тәркіленген. Ал экономикалық тергеу өндірісінде 245 қылмыстық іс қаралған. Бұл жөнінде бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім болды. Тікелей эфирге шыққан мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарлары халықтың алдында есеп беріп, тілшілердің сауалдарына жауап қатты.
Былтыр 2016-жылмен салыстырғанда салық түсімдері республикалық бюджетке 10 млрд. теңгеге, жергілікті бюджетке 3,5 млрд теңгеге артық түскен. Қосымша бюджетке 12 млрд. теңге салық түсімдері анықталып, өндіріліп алынған. Бұдан өзге 760 млн. теңге салық берешектері өндіріліпті.
Өндірісте 245 қылмыстық іс қараса, соның бірі заңсыз алкоголь өнімінің сауда айналамы. Облыста 348 шиша алкоголь өнімі тәркіленіп,тексеріс аясында 24 қылмыстық іс қозғалған. Және 6 іс салықтан жалтарушыларға қатысты. Мәселен "ГАС С" ЖШС 258 млн. теңге салықты төлемегені үшін жауапқа тартылыпты. Кәсіпорын басшысы мен есепшіге қатысты Орал қалалық соты 4 және 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Облыстың сыртқы тауар айналымы 4792,8 млн АҚШ долларын құраса, оның ішінде 93 пайызы экспорт, 6,4 пайызын импорт құраған. Сонымен қатар, жалған шот фактурамен жұмыс жасау бойынша 9 заң бұзушылық анықталып, 2 тұлға ұсталған.