0:00 / 0:00
БҚО-да сұйытылған газдың бағасы 79 теңгеге дейін арзандады. Министрлік пен "Жайық мұнай" ЖШС және облыс әкімдігі арасындағы меморандум нәтижесі осындай. Естеріңізге сала кетейік, Орал қаласында автокөлік жүргізушілері осыған дейін бағаны түсіруді талап етіп, наразылық шарасын өткізген болатын. Энергетика және ТҮКШ басқармасы бұл өзгеріс сол жүргізушілердің талабына берілген жауап деп мәлімдеді.
Сұйық отын литрінің бағасы 81 теңгеден 79 теңгеге түсіп отыр. Аз да болса, көтерме бағамен айырмашылық сезіледі. 3 жақты құрылған меморандум аясында қатаң түрде бекітілген бағамен облысқа ай сайын 2200 тонна газ жеткізіліп отыратын болады.
Жайық мұнай ЖШС-гі меморнадум бойынша бекітілген бағамен сұйытылған газ тек біздің облысқа ғана жететінін мәлімдеді.
Ал бұған дейін баға бірден 20 теңге дейін қымбаттап, Жайық мұнай ЖШС аймаққа жеткізілетін сұйық отын көлемін қысқартып тастаған болатын. Ақпан айының соңында жүргізушілер бұған ашық түрде наразылықтарын білдірді.
БҚО әкімдігі, энергетика министрілігі және Жайық мұнай ЖШС арасындағы меморандум бойынша бұл баға 21 айға дейін сақталуы тиіс.