Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БИЗНЕС ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ШАҒЫМЫ

c 09:48, 27/08/2021 c 633

0:00 / 0:00

Пандемиядан бас көтере алмай жатқан еліміздің бизнес қауымдастығы мониторингтік топтың жұмысына күмән келтіріп отыр. Бүгінде елімізде карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлік субьектілердің жұмысын тексеретін 1780 мониторингтік топ жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі Алматы облысында құрылған, ең азы Нұр-Сұлтан мен Алматыда 16 және 33 мониторинг топ жұмыс істейді. Соңғы ай ішінде мониторинг топтар кәсіпкерлік нысандарына 35 мыңға жуық рейд жүргізген. Күніне 900 рейд жасалады. Соның ішінде заңсыз тексерулер де тіркеліп отыр дейді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кеңесшісі Ербол Өстеміров. Еді бас санитарлық дәрігердің қаулысымен, 5 пунткпен тексеру жүргізіп жүрген мониторингтік топқа, жұмыскерлердің вакциналанғанын бақылауды жүктеді. Ел кәсіпкерлері мұндай талап қою, заңға қайшы деп даурығып отыр.

Еске салайық, мониторингтік топтар бұзушылықтарды тек 5 санитарлық талап бойынша тіркейді. Карантин барысындағы жұмыс тәртібі, тойлар мен еске алу шараларына шектеу қою,әлеуметтік қашықтық, маска режимі. Келушілер санының лимитінен аспауы. Енді ведомствоаралық комиссияның шешімімен мониторинг топтарға вакциналау бойынша рейд жүргізу құқығы беріліп отыр. 1 қыркүйектен бастап барлық бизнес субьектілеріндегі екпе салдырғандар тізімі де бақылауда болмақ.  Алайда, ел кәсіпкерлері бұл жаңашылдықты қолдамайды. Қоғамдық тамақтану қауымдастығы  заңсыздық орын алады деп отыр. Онсызда мейрамхана, дәмханаларда жұмыскерлерді ұстап тұру қиын. Адам жетпей жатыр дейді кәсіпкерлер.

ГҮЛБАНУ МАЙҒАРИНА – КӘСІПКЕР «Енді тағы қосымша талап қойып жатыр. Біз жұмысқа тек екпе жасатқандарды ғана алуымыз керек екен. Вакцинаң жоқ деп жұмысқа алмауға немесе жұмыстан шығаруға құқымыз жоқ. Санитарлық дәрігредің қаулысы шықты екен деп, мұндай заң бұзушылыққа орын бере алмаймыз. Сондықтан қоғамдық тамақтану қауымдастығының наразылығы дұрыс,заңды деп білемін».

Өкінішке орай, мониторингтік топ жетекшілері тексерулер барысында жемқорлыққа орын беріп отыр. Кейбір өңірлерде тексеріс жүргізбес үшін пара алып отырғандары да бар. Мысалы, Алматы облысында шілдеде мониторинг топ мүшелері рейд аясында жүйелі түрде пара алғаны және бизнеске көрсеткен «қамқорлығы» үшін ұсталды.

Өз кезегінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мұндай заңбұзушылықтар орын алмас үшін, Денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Цифрлық даму министрліктері, Бас прокуратурамен бірлесіп, вакциналау бойынша рейдтер мен тексеру алгоритмін пысықтап жатыр.  Енді мониторинг топтар бизнес нысанға барарда InfoKazakhstan сайтында міндетті түрде тіркелу керек. Бүгінде цифрлық шешім бизнеске рейдтің заңдылығын тексеруге, актіде QR-кодты сканерлеуге мүмкіндік береді. Яғни кәсіпкерлерді тексеруге келген топ заңды ма, жоқ па  соны анықтауға болады. Осылайша, тексерушілердің де жұмысы бақылауда болмақ. Өстеміровтің айтуынша, егер мониторинг тобы бес бұзушылықтың біреуін анықтаса, онда материалдарды әкімшілік іс қозғау үшін тиісті органға жолдайды.  Санитариялық инспектордың нысанды тексеруі үшін шұғыл хабарлама жібере алады. Содан кейін инспектор тексеру жүргізеді. Ал мониторинг топтың заңбұзушылықтар үшін кәсіпкерлерге айыппұл салуға құқығы жоқ дейді ол.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.