0:00 / 0:00
Шаған мен Деркөлдің суы әлі мұз күйінде сіресіп, енді ғана жіби бастағаны байқалса, Жайық өзенінің суында ағыс пайда болған. Ағыспен қалқыған мұз қабаты бірте-бірте кішірейіп, еріп жатыр. БҚО-ның төтенше жағдай департаменті берген мәліметке жүгінсек, биыл аймақта судың деңгейі жылдағыдан төмен болады. Осы жылы көктемгі су тасқынының алдын алуға 470 млн. теңгедей қаражат бөлініпті. Өзендерде тасқын судың жүруі жалғасуда,-дейді аймақтағы Қазгидромет филиалы. Өзен-көлдерді жағалай қоныс тепкен тұрғындарға су тасқынының қаупі сейілуі жағымды жаңалық болса керек. Дегенмен құзырлы органдар судың деңгейін мамыр айының соңына дейін бақылауда ұстайтын болады.