Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Біртановтың сапары

c 15:18, 14/10/2019 c 571

0:00 / 0:00

Қазіргі таңда елімізде 3000-нан астам дәрігер жетіспейді. Медицина саласындағы кадр тапшылығын келер 2-3 жылда өз шешімін таппақ. Бұл туралы өңірімізге жұмыс сапарымен келген Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Вице-премьермен бірге БҚО келген еліміздің бас дәрігері Ақжайық аудандық ауруханасының жұмысымен танысып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға тоқталды. 1-ші қаңтардан бастап енгізілетін жаңалық қалай іске аспақ.

Еліміздің бас дәрігері БҚО келген сапарын Ақжайық аудандық ауруханасының жұмысымен танысудан бастады. Денсаулық сақтау министрі Атырау мен біздің өңірде іске асып жатқан "Қазмед" жүйесін сынақтан өткізіп, олқылықтарды анықтап, оларды жасақтаушы компанияға 1-желтоқсанға дейін түзетуді тапсырды. Аудандық аурухананың тұрмыс-тіршілігімен танысқан шенді аудан орталығында жұмыс жасайтын трассалық медициналық құтқару орталығының мамандарымен тілдесті. Аталмыш орталық тас жолда көлік апатынан зардап шеккен жандарға көмектесіп келеді.

Еліміздің денсаулық сақтау министрі орталық мамандарының медициналық даярлығын тексеріп, кейбір құрылғылардың жұмыс жасамай тұрғандығы мен дәрі-дәрмектің жетіспеушілігін анықтап, облыстық басқармаға мамандарды қайта оқытуға тапсырма жүктеді.

Ақ жайық өлкесіне келген министр келесі жылдың 1-қаңтарынан бастап, іске асатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмыс істеуіне кеңінен тоқталды. Бірнеше жылдан бері іске қосады деген жоба бірнеше мәрте кейінге шегерілген еді. Алайда, президент ұзақ уақытқа созылған медициналық сақтандыру мәселесіне нүкте қойды. Жаңашылдықтың жай-жапсарына тоқталған министр Біртанов сақтандырудың толыққанды жұмыс жасауы үшін тиісті механизмдер іске асып, жаңа жылға дейін барлық дәрігерлерді оқыту керектігін тілге тиек етті.

Дәрігерлермен жүздескен вице-премьер Атырау қаласында болған қайғылы жағдайды еске түсіріп, ақ халатты жандарға жұмысты жалғастыру керектігін атап өтті.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.