Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауға алынды
Тұтқынға алу шарасы 2 тамызға дейін санкцияланған.
Сурет : ҚР Білім және ғылым министрлігі6 Маусым 2019, 11:33
Ақпаратты елорда сотының баспасөз қызметі растап отыр.
- Ауданаралық мамандандырылған тергеу соты күдікті Эльмира Суханбердиева қатысты тұтқынға алу санкциясын шығарды, - деді сот өкілдері.
Тұтқынға алу шарасы 2 тамызға дейін санкцияланған.
Кеше Ұлттық бюроның ҚР білім және ғылым вице-министріне қатысты тергеу жүргізіп жатқаны белгілі болды, бірақ күдіктінің аты-жөні айтылмаған болатын.
Эльмира Суханбердиева 1971 жылы туған. Еңбек жолын Шевченко қаласындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімінен бастаған. Әр жылдары Алматы облысы Іле ауданындағы № 7 орта мектептің, Астананың №60 мектеп-лицейінің директоры, Астана қалалық Білім басқармасының басшысы болып қызмет атқарды. 2016 жылдың сәуірінен бері ҚР білім және вице-министрі қызметінде отырған. Арасында 1 жыл бала күтімімен демалыста болды.
Дерек көзі сілтеме: https://kaz.zakon.kz/4972436-b-l-m-zh-ne-ylym-vitse-ministr-elmira.html