Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бес балалы ана далада қала ма?

c 17:35, 21/05/2019 c 618

0:00 / 0:00

Орал қаласында тұратын 32-жасар  Вероника Заика бес баласымен ай далада қалатын түрі бар. Пәтер жағалап жүрген көп балалы ана осы айдың соңына дейін қазіргі тұрып жатқан үйді босатуы тиіс. Ал  тәрбиеленушілердің ең кішкентайының жасы 1 ден енді ғана асқан. Бұдан бірнеше ай бұрын Вероникамен оның балаларының жағдайы жаман емес еді. Өйткені отағасының 120 мың жалақысымен жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін 30 мың теңге күнделікті ішіп жемге жетіп артылатын. Ал қазір оның күйеуі отбасының жауапкершілігінен бас тартқан. Бұл отбасына шаһардың әр ауданы таныс өйткені жүгін артқан керуен секілді әр уақытта көшіп жүргені. Мәселен қазіргі  жалдамалы  баспаналары екі бөлмелі ол үшін айына 35 мың теңге ақы төлейді. Көп балалы ана өткен жылы ғана тұрғын үй кезегіне тұрған.  Ес біліп қалған балалары өз үйлерінің болғанын армандайды. Осы орайда Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары Вероника жолдасымен заңды ажырасқан соң, атаулы әлеуемттік көмек алуға мүмкіндігі бар екенін айтады. Қазір бұл отбасыңа қандай да болса көмек керек-ақ. Осы орайда көп балалы ананың байланыс телефоны  87472635063.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.