0:00 / 0:00
Ақтөбе қаласынан жеткен әскери жәдігер енді Атырауға жол тартпақ. Ұлы отан соғысының ардагерлері осынау салтанатты шараның қадірменді қонағы болды. "Біз жеңістің мұрагерлеріміз!" Осындай атаумен 3 ақпанан 5 мамыр аралығында ҚР-ның Ұлттық гвардиясында әскери-потриоттық эстафета өтіп жатыр. Бұл эстафета шеңберінде 1941 жылы 15 желтоқсанда Ақмола қаласында құрылған 72-гвардиялық атқыштар дивизиясы туының дәлме дәл көшірмесі аймақ-аймақтағы әскери бөлімдерге табысталуы тиіс. Ал 9 мамыр жеңіс күнінде қызыл ту Астана қаласына жетуі тиіс. Әскери-потриоттық шараға сұм соғыстың куәгері болған ардагерлер,студенттер, жас сарбаздар мен әскери бөлімнің қызметкерлері және атқарушы билік өкілдері қатысты. Тағылымы мол шараға қатысқан оқушылар ата-баба ерлігін мәңгі есте сақтайтындарын, ардагерлермен болған кездесуден мол тағылым алатындарын атап өтті. Ақтөбеден Жайық өңіріне жеткен әскери жәдігер енді Атырау қаласына жол тартады. Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламамен аяқталды.