Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Батыс Қазақстан өңірі Президенттің назарында

c 19:36, 26/01/2021 c 500

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысының сапасыз жолдары, тозығы жеткен электр желілері жайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев хабардар болып шықты. Бүгін өткен кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы облыс әкімі Ғали Есқалиевке  өңірдегі өзекті проблемаларды шешуді жіті тапсырды. Өңірде электр желілерінің 80 проценті тозған.

Талай әкім ауысты, бірақ Батыс Қазақстан облысының жол сапасы, тозығы жеткен электр желілерінің мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Өңірдің электр желілерінің 80 пайызы тозған. Соның салдарынан жарық жиі өшіп қалып жатады. Жергілікті сарапшылардың айтуынша, бұл салаға инвестиция құйылмай отыр. Облыс орталығы-Орал қаласының электр желілерінің 65 пайызы тозған. Ал кейбір елдімекендердің желілері, істен шыққалы тұр.  Соның бірі Қаратөбе ауданының электр сымдарының 100 пайыз тозығы жеткен. Бұл проблемалар Президент Тоқаевтың назарында екен. Кеңейтілген отырыста облыстың даму барысы тамаша деп баяндай бастаған әкім Ғали Есқалиев мемлекет басшысының сынына ілігіп қалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР Президенті -« Апаттар жиі болып, электр қуаты қайта-қайта үзіле береді. Мысалы, 2020 жылы электр қуаты 182 рет үзілген. Бұл мәселені шешу үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?»

Әкім  өңірде электр желілерінің 80 пайызының тозығы жеткенін айтып ағынан жарылды. Соның салдарынан елді мекендерде жарық өшіп қалып жатады. Тіпті  Бөкейордасы мен Жәнібек аудандарына көрші Ресейден электр қуатын сатып алып отырған жағдайы бар.

Ғали Есқалиев -   Батыс Қазақстан Облысының әкімі -"Соның кесірінен елді мекендерде, әсіресе, ауылдарда энергиямен қамту тұрақсыз. Екі ауданымыз электр қуатын Ресейден сатып алып отыр. Яғни, электр желісін қалпына келтіру және екі ауданға жаңа электр желісін тарту өзекті мәселе. Осы сұрақты шешу үшін тиісті шаралар қолданып жатырмыз".

Сондай-ақ, Президент Батыс Қазақстан обылысындағы жолдардың да сапасы сын көтермейтінін айтты. Бүгінде өңірдегі жолдардың  үштен екісі өте нашар жағдайда деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев – ҚР Президенті -«Бұл тұрғындардың наразылығын тудырады. Түрлі себептерге байланысты бұрыннан шешілмей келе жатқан проблемалар. Қазір үкімет облыстағы мәселелерге назар аударуы керек деп ойлаймын. Облыстың стратегиялық маңызы бар, Ресеймен шектеседі. Проблемалар шешімін табуы тиіс".

Не керек, әкім Есқалиев перзиденттен бір емес, екі сын естіп,  тиісті шаралар қабылдап жатқанын айтып әрең құтылды. Ал Мемлекет басшысы Үкіметке «Самұрық-Қазына» қорына  бірлесіп қысқа мерзімде оңтүстік аймақтың электрэнергиясы жүйесін орнатуды және батыс өңірлерді Қазақстанның бірыңғай электр жүйелерімен біріктіруді тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.