Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Банкноттарды ауыстыру мерзімі  ұзартылды 

c 16:06, 25/12/2020 c 589

0:00 / 0:00

Ұлттық банк банкноттарды ауыстыру мерзімін ұзартты. Елордалық зейнеткер Александр Дромов жиған-терген 700 мың теңгесін жарата алмай қалды. Ол 10 мың теңгелікпен жинаған екен. Кейін мәлім болғандай,  10 мың теңгенің бұл нұсқасы айналымнан алынып тасталған еді. Ұлттық банк 2006 жылғы үлгідегі банкнотты айналымнан алып тастау 2016 жылдың қарашасында басталғанын хабарлады. Алайда, зейнеткердің өз жаназасына жинаған қомақты қаржысы жарамсыз болғанын біліп, Ұлттық банк ақшаны айырбастау мерзімін ұзартты.

Ұлттық банктің бұл әрекеті Дромовтар отбасы үшін нағыз жаңа жылдық сыйлық болды. Қариялар 10 мың теңгеден жылдар бойы жинаған екен. Алайда, жақында ғана бұл жиған-терген ақшасы қазан айынан бастап  жарамсыз болып қалғанын біліп, салылары суға кетіп, журналистерден қолдау сұрағанды. Елорда тұрғыны Александр Дромов ақшасын банкте емес, үйінде жинаған. Алайда, ол ақшаның басым бөлігі яғни 690 мың теңгесі айналымнан алынып тасталған. Қариялар бұл қаражатты балаларына салмақ салмайық деп, жаназасына жинапты. Ал жұбайым ковидпен ауырып қалған кезде, дәріге ақша жетпеген соң, жинаған ақшаны жұмсамақ болғанда бірақ білдік дейді зейнеткер. Атай, егер науқастанып қалмағанда, бұл ақшаның жарамсыз екенін білмей жүре беретін едік деп отыр. Зейнтекерлердің жан-айқайы көпшілікке мәлім болғанда, Ұлттық банк банкноттарды айырбастау мерзімін ұзартатын болды.

Александр Дромов – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны «Сіз білесіз бе, біз компьютерден тізімді көрдік.Біз сияқты жағдайға тап болғандар көп екен».

Осылайша, ұлттық банк қазақстандықтардың өтінішін жерге тастамады. Себебі, ескірген ақшаны айырбастай алмай қалғандардың басым бөлігі осы  қарт адамдар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.