Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баланы телефонға телміртпеудің жаңа әдісі

c 18:08, 03/03/2021 c 991

0:00 / 0:00

Оралдық оқушылардың ұлттық мұраға деген қызығушылық артып, ұлттық спортты жанына серік қылған өрендердің қатары жыл санап артып келеді. Осыдан үш жыл бұрын қолданысқа берілген №48 мектепте арнайы "Асық ату" және "бес асық" үйірмесі жұмыс істейді. Аталмыш үйірмеге 24 оқушы қатысуда. Бірнеше жылдың ішінде жас өрендер чемпионаттарда топ жарып, жеңіске жеткен.

Облыс орталығында орналасқан №48 мектепте ұлттық спортты насихаттайтын "Асық ату" үйірмесі жұмыс жасайды. Бүгінде 24 оқушы ұлттық құндылықты бойына сіңіріп, меңгеруде.

Баланы жастайыннан мергендікке, төзімділікке баулитын ойынның берері көп. Әсіресе, қазіргі тапжылмай отырып, ұялы телефонға жіпсіз байланған кезде, пайдасы зор.

Қыздар "Бес асық" бойынша жаттығуларын пысықтайды. Олар күн сайын екі сағаттан жаттығады.

Осы ойынды жақсы меңгерген жас өрендердің бірі-7-ші сыныпта оқитын Томирис.

Асық атуды үйренген өрендер өткен жылдары қалалық, облыстық, республикалық чемпионаттарға қатысып, жүлделі орындарды қанжығалап жүр. Үйірменің жетекшілері келешекте намысты қолдан бермейтін чемпиондарды тәрбиелеп, ұлттық құндылықты насихаттауды жалғастыра бермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.