Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балалар үйі болмауы керек

c 18:16, 27/09/2019 c 756

 

0:00 / 0:00

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин  енді ғана кіріскен қызметін ежетім балалар үйін жабудан бастамақ. Бүгін журналситер алдына шыққан Аружан Саин омбудсмен ретіндегі жоспарлап отырған жұмысын баяндап берді. Ең алдымен мемлекеттік балалар үйлерін кәсіби фостерлік отбасылармен алмастыруды ұсынып отыр. Қазір елімізде 109 балалар үйі бар, онда 5000 бала тәрбиеленіп жатыр. Сондай-ақ, бала құқығын қорағушы уәкіл шенеуніктерден қажеті жоқ семинарлар мен форумдарға ақша шығарғанша, ол қаражатты балаларға жұмсауға кеңес берді.

Бала құқығын қорғауға белсене кіріскен Аружан Саинның жоспары мен идеялары көп. Егер уәкілдің жоспарлары жүзеге асса, қазақстандық балалардың мүддесі толық қорғалар еді. Омбудсмен ең алдымен жетім балалары үйі деген ұғымды жойғысы келеді. Бүгінде елімізде 109 балалар үйінде 5 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Оны жауып,  ата-атанасыз қалған балаларды интернатқа емес, кәдімгідей кәсіби отбасыға беру керек. Сол отбасы мемлекетке жұмыс істейдтін болады. Бұл халықаралық тәжірибеде бар үрдіс. Қазақстанға шамамен 350-500 фостерлік отбасы қажет. Ал балалаларды наразылық шерулерге алып шығу мәселесін омбудсмен қолдамайды. Саин ханым сенатор Сәуле Айтпаеваның 16 жасқа дейінгі  балаларға митингі шығуға тиым салу, ол үшін ата-аналарына айыппұл салу туралы ұсынысына қатысты  пікір айтты.

Аружан Саин – Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі; «Біріншіден ата-аналарға айтарым, баламен ондай наразылық шерулерге шықпаңыздар. Ол жер бала үшінөте ақуіпті. Тіпті баламен базарға барудың өзі қауіпті. Ал полицейлерег айтарым, алаңға баламен шыққан аналарға тиісепңіздерші, оларды алып кетпеңіздерші. Айтарын айтсын, назын айтуға мүмкіндік беріңіздер. Кейін ескерту жасаса да болады ғой».

Мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі отбасылардың 20 пайызы бала сүюді армандап жүр. Сондықтан, кейбір ерлі-зайыптылар балалар үйінен бала асырап алып, толыққанды отбасы болып отыр. Қазақстанда жылына 350-500 отбасы бала асырап алады. Ал жылына 1500 бала ата-ана қамқорлығынсыз қалады. Сондай-ақ, бала құқығын қорғаушы уәкіл  жергілікті әкімдіктерге бюджет қаржысын концерттер мен имидждік шараларға шаша беруді тоқтату керектігін айтты. одан ол ол қаржыны балалардың игілігне жұмсауға кеңес берді. Омбудсмен бұл қызметке атақ  үшін емес, балалардың жарқын боалшағын қамту үшін келдім дейді.

Аружан Саин – Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі; «Мен осы қызметке бала құқығын қорғайтн жйені қалыптастыру үшін келдім. Мен мұнда атақ, лауазым үшін келгем жоқ. Балалырымыз үздік, білімді, сұранысқа ие болса екен деймін»

Омбудсмен  өзінің жоспары жайында жарты сағатқа созылған баяндамасын тек ресми тілде жасады. Осыған қатысты журналистерден ескерту алған Аружан Саин кешірім сұрап құтылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.