Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жөндеу жұмыстары аяқталса дейді...

c 17:38, 23/10/2018 c 717

0:00 / 0:00

Қаламыздағы Есқалиева көшесі бойындағы 186 пәтердің тұрғындары жол жөндеу жұмыстарынан соң қалған құрлыс материалдарының қалдықтары жиналмай қалғандарын айтып редакциямызға хабарласты.
Тұрғындардың сөзінше қоқыс қалдықтары үй айналысан шашылып бүгінде үлкенді кішінің мазасын қашырыпты. 

Есқалиева көшесіндегі 178-ші бес қабатты пәтер үйдің тұрғындарының сөзінше жол жөндеу жұмыстары әлі толыққанды аяқталмаған. Құрылыс жұмыстары "КПО Б.В." компаниясының қаражаты есебінен жүргізілсе, жол құрылысымен мердігер Нұрсәт құрылыс компаниясы шұғылданған.

Қала тұрғыны:
Қазір күз мезгілі. Бір күні жаңбыр екінші күні қар. Үйілген топырақ. Қала орталығында тұрамыз. Тұрғындар орталық саябаққа демалуға қатынайды. Ал мына үйілген құрылыс қалдықтары тек олардың емес біздердің де мазамызды алды.

Сондай ақ аталмыш үй тұрғындары бұған дейін балалар ойын алаңы болған жердің бүгінде көлік тұрғанына айналғанын айтып налиды.

Қала тұрғыны:
Мәселен мына көліктер балалар ойын алаңының орынында тұр. Немерелерімізбен таза ауада серуендейік десек көлікке қағылып жазатайым оқиғаға тап боламыз ба деп қорқамыз.

Сала мамандары ойын алаңын қалпына келтіру үшін қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметіне жүгінуі тиіс. Ал құрылыс қалдықтарына келер болсақ:

 

АЙДАР МЕНЕЕВ,  «ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ» БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Аталмыш құрылыс жұмыстары Мәметова көшесінен басталып Петровский көшесіне дейін жалғасуда. Ал Есқалиева 178 ші үй орналасқан алаңда жол жөндеу құрылысына материалдар уақытша сақталған еді. Қазір құрылыс қалдықтарынан қалған құрылыс материалдарын тасымалдау шаралары қолға алынатын болады.

Естеріңізге сала кетеміз биыл түрлі қаражат көздерінен 8,1 млрд теңге бөлініп, Орал қаласында 67 көшедегі көлік және жүргінші жолдарында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.