Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауыз суды былғап жатыр

c 20:43, 30/10/2019 c 766

0:00 / 0:00

Депутаттар мұнай-газ өндіретін аймақтарда жер астындағы тұщы суды ластап жатыр деп дабыл қағады. Бүгін өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Құралай Қаракен Үкімет басшысына сауал жолдады. Жер асты суларының 3 мың қоры бар. Алайда, сол қорды жойып алу қауіп тұр дейді депутат. Ал өз сауалында Батыс Қазақстан   өңірлерінде орын алып отырған жәйітті көтерді.

Судың да сұрауы бар. Бүгінде ауыз су мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Өңірлерді тұщы сумен қамту бағдарламасы да толық орындалмауда. Тіпті қазынадан млрдтар бөлініп жатса да, нәтижесін бермей отыр. Қазақстан су ресурстарына тәуелді елдердің қатарында. 2050 жылы біздің елде су тапшылығы үш есеге өседі. Дегенмен, елде жерасты суларының қоры бар. Олар жауын шашы, өзен ағындары сияқты табиғи ресурстардың жолымен толықтырылып жатыр. Бүгінде Қазақстанда 3 мың су қорының кенорны бар. Олар стартегиялық резервте тұр. Алайда, сол жерастындағы тұщы суды мұнай-газ кенорындары былғап, қордың жойылу қаупі бар дейді депутат Қаракен.

Құралай Қаракен –ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Мысалы, Ақтөбе өңіріндегі «Көкжиде құмы»  Батыс Қазақстандағы жерастындағы ең ірі  тұщы су қоры болып табылады. Ол болашақта ауыз сумен қамтитын қор. Заң бойынша оның аймағында бұрғылау жұмыстарын жүргізуге болмайды. Алайда, құм сілемінде жеті жер қойнауын пайдаланушы көмірсутек шикізатын іздеу, барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр».  

Депутаттың айтуынша, бұл жұмыстың салдарынан ендігі жерасты сулары мұнай өнімдерімен былғанып жатыр. 2008-2017 жылдары осы Көкжиде су қорының мұнай өнімдерімен былғанғаны туралы фактілер тіркелді. Мұндай жағдай Қызылорда өңіріндегі Мыңбұлақ қорында да орын алған. Ақтөбе облысындағы керемет алқап болып табылатын «Барқын құмдары» қорына да осындай қауіп төніп тұр. Табиғат анаға деген салақ көзқарас осылай жалғаса берсе, бұл аймақ алдағы 5 жылда сапалы суға зәру болып қалады. Депутат Премьер-министрден  жерастындағы сапалы су қорларын қорғап қалу үшін, ол жерлерде барлау жұмыстарын жүргізге тиым салуды сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.