Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ауылдықтар Нұр-Сұлтанға кіре алмады

c 16:12, 11/05/2020 c 454

0:00 / 0:00

Елде төтенше жағдай аяқталысымен, Нұр-Сұлтан маңындағы ауыл тұрғындары бекеттерді қоршап алды. Себебі, төтенше жағдай  аяқталса да, карантин жалғасуда. Бұл орайда қала шеттеріндегі бекеттердің де жұмысы тоқтамайды. Нұр-Сұлтан қаласынан 15 шақырым жердегі Қаражар ауылы сол бекеттің арғы жағында қалып, қойғаны мәлім. Екі айға жуық қалаға келе алмай жатқан ауыл тұрғындары, бекетті жылжытуды талап етіп, шеруге шықты.

Карантин барысында елорданы қорғап тұрған жеті бекет жұмыс істеп жатыр. Бұл бекеттен тек арнайы рұқсатпен өтеді. Азық-түлік тасымалдаушылар, ауыл шаруашылық саласында кәсібін айналдырып жүргендерге жасыл дәліз ұйымдастырылғаны мәлім. Карантиннің талаптары жеңілдетілді. Көптеген жұмыс орындары жанданды. Бұл орайда жақын маңдағы ауыл тұрғындарының күн көріс қамы қаламен тығыз байланыста. Олар елордаға келіп –кетіп жұмыс істеп, ақша табады. Бірақ бекеттің арғы бетінде қалған Ақмола облысына қарасты ауыл тұрғындары бұл мүмкіндіктен қағылып отыр. Осыған орай Нұр-Сұлтаннан 15 шақырым жердегі Қаражар ауылының 70 –тен аса  тұрғыны бүгін әскерилермен бақыланған бекетті қоршап алды. Олар қалаға тиіп тұрған бекетті өз ауылдарының сыртына жылжытуды талап етті. Себебі, дәл осы ауылдың қасында Қараөткел ауылының тұрғындары қалаға емін-еркін келіп жүр. Ал бір аттам жердегі Қаражар бекет сыртында қалып қойған.

Бекеттегі айғай-шуды ести сала, ауыл әкімі де осы маңға жетіп келді. Ол карантин барысында бекет жұмысы тоқталымайтынын айта келіп, ауылдықтарды қалаға кіргіземіз деп уәде.

Нұр-Сұлтанға тиіп тұрған Қажымұқан ауылының да тұрғындары кеше бас көтеріп, қалаға кіргізуді талап еткен болатын.  Мұндай көрініс Алматы қаласы маңындағы бекеттерде де орын алып жатыр. Шаһарға жақын маңдағы ауылдардың талабы бір-қалаға кіріп, жұмыс істеулеріне мүмкіндік беру.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.