Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аурудың алдын ал

c 18:50, 14/01/2020 c 787

0:00 / 0:00

Жаңа жылда қандай әлеуметтік қолдаулар көрсетіліп бастайды.

Қазақстанда жаңадан енгізіліп жатқан міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қандай артықшылықтары бар. Бұл жайында бүгін өткен брифингте айтылды. Енді қазақстандықтар емхана мен дәрігерді еркін таңдайды, сондай-ақ сақтандыру бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшартқа отырған жеке меншік клиникаға да тіркеле алады. Еліміздің бас қаласы-Нұр-Сұлтандағы емханаларға 1 162 878 адам тіркелген. Жасалған келісімшарттың жалпы сомасы - 126 млрд теңгені құрайды.

Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің тәттісі жоқ дегендей, сүйек сырқырап, бас ауырса дәрігерге барып көмек сұраймыз. Бірақ ауырудың өзі қалтаны қағады. Себебі, медициналық қызмет көрсету түрлері өте қымбат. Ал шарықтап кеткен дәрі бағасы бөлек әңгіме. Әрине Қазақстанда тегін медициналық көмек түрлері бар. Бірақ ол жалпы терапиядан аспай отыр. Ал ауруханаға жатып емделу үшін айлап жүріп, квотаны күтесің. Енді үкімет сапалы, қолжетімді медициналық көмек көрсету үшін биылдан бастап жаңа жүйені енгізіп отыр. Ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі. Ол үшін медициналық сақтандыру қорына тапқан айлығыңның бір пайызын аударасың. Ал жұмыс берушілер әр жұмыскері үшін  еңбекақы төлеу қорынан екі пайыз жарна төлейді. Осылайша сау адам ауру адамды, қалталы адам кедей адамды емдейді. Елорда емханаларында  1 млннан астам адам тіркелген. Ағымдағы жылы 93 медициналық ұйым қызмет көрсететін болса, соның 31 мемлекеттік, 62 жекеменшік. Бұл ұйымдар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшартқа қол қойылды. Енді қол жеткізе алмай жүрген зертханалық жұмыстар, қымбат тұратын КТ, МРТ сияқты диагностикалау түрлері тегін болмақ. Компютерлік томография жасату үшін жоқ дегенде 20-25 мың төлейтін едік.

Зейнеткерлерге, соғыс ардагерлері, батыр аналарға, жүкті әйелдер балаларға медициналық қызмет түрлері үшін мемлекет төлейді. Тіс емдеу енді осы санаттағы азаматтарға тегін болмақ.

Қазақстандықтар міндетті медициналық қызметтен құр қалмауы үшін, емханаға барып, өз мәртебесін анықтап алуы керек. Айта кету керек, биылдан бастап енгзіліген тағы бір әлеуметтік қолдау –Атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасылардың балаларына азық-түлікпен көмек көрсетіледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.