Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аулада құжатсыз жүруге болмайды

c 00:15, 29/04/2020 c 578

0:00 / 0:00

Елдегі төтенше жағдай режимін 11 мамырға дейін ұзартқан Мемлекет басшысының мәлімдемесінен соң, карантин талаптары жеңілдетілді. Бұған дейін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында бірқатар кәсіпкерлік субтектілердің жұмысы қайта жанданғаны мәлім. Тағы бірқатар ұйымдардың жұмысы басталды. Сондай-ақ, жеңілдетілген карантин  ережесі еліміздің барлық облыстарына енгізіліп отыр. Енді үйде қамалып отырған қазақстандықтарға санитарлық норманы сақтай отыра, аулаға шығуға рұқсат берілді.  Елорданың карантин барысындағы тіршілігіне енген өзгерістер жайында қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен онлайн брифинг барысында айтып берді.

Осылайша, бір айдан астам уақыт тоқтап қалған тіршілік қайт жандануда.  Қаржылық-сақтандыру секторы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер, микроқаржылық ұйымдар мен сақтандыру компаниялары  жұмысын бастауда. Бұл ұйымдардың жұмыс режимі – 9:00-18:00 аралығында болады, басты міндет санитарлық норамны қатаң сақтауы тиіс. Ал қызметкерлерді жұмысқа  қызметтік көлікпен  қамтамасыз етуі тиіс. Нысанда медициналық пунктер болуы тиіс. Медициналық қызметкер жұмыскерлердің денсаулығын ауысым сайын тексеріп отыруы қажет. Адам көп шоғырланатын ұйымдарда адамдар арасында алшақтық сақталуы тиіс.  Елорда әкімінің орынбасары

Бақтияр Мәкеннің айтуынша, риэлторлық компаниялар, жылжымайтын мүлікті бағалау бойынша консалтингтік қызмет агенттіктері де жұмысқа кіріспек. Бұл компаниялар құжаттарды клиенттің үйіне жеткізіп беруді қолға алуы керек. Сондай-ақ, тұрмыстық техника сататын ірі дүкендер мен бау-бақша маусымына қатысты керек-жарақ дүкендері де жұмысын бастап жатыр. Ал блок бекеттердің жұмысы тоқтамайды.

Бақтияр Мәкен – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары - "Карантин аумақтарындағы блокбекеттер карантин шаралары мен төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін тұрады. 11 мамырға дейін солай болады, блокбекеттер басқа өңірлерден келетіндерді тіркеу үшін қажет. Ал сән салондары, шашатараздар адамдардың тығыз қарым-қатынасы болатындықтан бұл мәселені  үшінші кезеңде қарастырамыз деп отырмыз. Қоғамдық көліктер де жүрмейді. Бұл мәселе әзірге жабық"

Ал қала маңындағы ауылдардың тұрғындары жұмысқа қалай келеді? Мәкен мырзаның сөзінен түсінгеніміз. Карантин аймағынаy шыққан адам қайта үйіне бара алмайды. Яғни оларға қала келіп, пәтер жалдауға тура келеді

Өздеріңізге мәлім, үйде қамалып отырғандарға аулаға шығуға рұқсат етілді.Тек  аулада серуендеу барысында  4 адамнан артық жиналуға болмайды. Таңғы алтыдан кешкі сегізге дейін ғана  жүруге рұқсат етілген.   Ал кәмелет жасқа толмаған балаларға ата-анасызсыз аулада жүругі тиым салынған.  Есік алдына шыққанда да жеке куәлігіңіз қалтаңызда болғаны жөн. 65 жастағы   кісілерге көшеге шықпағаны дұрыс деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.