Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Атыраудағы жағдай

c 18:16, 04/11/2019 c 790

0:00 / 0:00

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тоңазытқыштан табылған сәби өліміне қатысты іс тергеліп жатқанын айтты. Ал осы жағдайдан соң жаппай арыз жазған дәрігерлермен түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр деді. Бұл жайында әкім елордада өткен брифингте мәлімдеді. Еске сала кетейік, қазанның төрті күні  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық перинаталдық орталығының жетекшісіне жаңа туған нәрестенің өліміне қатысы бар деген айып таққан болатын. Перзентханада сәби тірі туған. Алайда дәрігерлердің салғырттығынан құжатта өлі деп жазылады. Олар қатені түзетпеу үшін шақалақты тоңазытқыш камерасында қалдырып кеткен.

Атырау облысында орын алған бала өліміне қатысты шудан соң, денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетіп, әкімнің орынбасарына қатаң сөгіс берілді. Баланың өліміне қатысты әйелді босандырған акушер-гинеколог  қамауға алынды. Перзентханада орын алған келеңсіз жағдайдан  кейін психологиялық қысымға шыдамаған дәрігерлер жұмыстан шығу туралы жаппай арыз жаза бастағанды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, бірде-бір дәрігер жұмыстан кетпегенін айтты.

Нұрлан Ноғаев – Атырау облысының әкімі; "Қазір төрт дәрігер арызын кері қайтарып алды. 28 дәрігермен түсіндіру жұмысын жүргізудеміз. Оларға кәсіби маман ретінде медицинаға қолдау көрсетіп, жұмысын әрі қарай жалғастыруы керектігін айтып жатырмыз. Қазір ешкім жұмысынан шыққан жоқ. Тоңазытқыштан табылған балаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Толығырақ тек тергеу аяқталған соң ғана айта аламыз"

Қазір өңірдегі перинатарлық орталық жұмыс істеп жатыр.  Тек бір қабаты ғана санитарлық нормаларға сәйкес келмегендіктен жабылған. Ал сол жердегі жүкті әйелдерді қалалық ауруханаларға орналастырдық, - деді әкім.  Ал өңірдегі дәрігер тапшлығы да шешімн табуда дейді Ноғаев. Осыдан үш жыл бұрын облыста 160 медициналық маман тапшы болса, биыл бұл көрсеткіш 30 маманға төмендеді. Сондай-ақ, бүгінде Атырау  халқын толғандыратын бір мәселе-экологиялық ахуал. Әкімнің айтуынша, өңірдің экологиясын жақсартуға арналған арнайы жоспар бар. Әкімдік қаланың кәріз суын тазартуды қолға алған. Сонау 1978 жылдан бері жөндеу жұмысы жүргізілмеген екен. Ал  қаланың барлық кәріз суы жиналатын Сасық сай алаңы жабылатын болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.