Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘСКЕРДЕГІ ӨЛІМ-ЖІТІМ

c 09:50, 10/10 c 29

0:00 / 0:00

Аягөз гарнизонында жұмысқа кіріскеніне 10 күн ғана болған жас офицер өлі күйінде табылды. Ақтауда әскерде жүрген сарбаз қайтыс болды. Отан алдындағы борышын өтеуге барған сап-сау сарбаз, мүгедек болып оралды. Әскерден жеткен осындай қайғылы хабарлар легі көбейіп кетті. Сарбаз Ербаянның басынан өтіп жатқан оқиғаның өзі әскердегі қауіпсіздік мәселесіне қатысты сұрақ тудырады. Қазір Ербаян Мұхтар өмір үшін күресіп, халық болып жинап берген қаржыға шетелде ем алуда. Мұндай деректерді тізе берсек, төбе шашың тік тұрады. Мұны көрген ата-ана баласын әскерге жібергісі келмейтіні сөзсіз. Неге әскерде өлім-жітіп жиілеп кетті, неге әлімжеттік орын алып жатыр? Бұл сұрақтарды қорғаныс министрлігі өкілдеріне жиі қоямыз.

Қарулы Күштер қатарындағы соңғы қайғылы оқиғаларға қатысты Қазақстанның қорғаныс министрлігі мерзімді қызметтен бас тартып, кәсіби армияға көше ме деген сұрақ та қойылды. Алайда ресми өкіл қорғаныс министрлігінің мұндай ұстанымы болған емес және ондай пікір де жоқ. Кәсіби армия өте қымбат тұрады. Бүгінгі таңда біздің мемлекет оны қамтамасыз ете алмайды, - деген жауап қатты. Ал елде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды.

Ал әскерде сарбаздардың қаупісіздігін қамту үшін әскери бөлімдерде бейнекамералар қойылған. Бірақ ол камералар керек кезде жұмыс ісетемей қалатын деректер де жоқ емес. Енді Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдердегі камераларды «ақылды» камерамен ауыстырмақ.

Алайда, қорғаныс министрінің орынбасары ақылды камераларды орнатуға қанша қаржы жұмсалатынын айта алмады. Әскери бөлімдер бұндай ақпараттық жүйесі бар бейнекамераларды орталықтандырылған жүйеде сатып алады деді ол.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.