Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘСКЕРДЕГІ ӘЛІМЖЕТТІК

c 08:49, 19/09 c 22

0:00 / 0:00

Әскерге барып, отан алдындағы парызын өтеп келу әр ер азамат үшін мақсат, міндет болатын. Әскерге бармау ұят саналатын кездер де болды.Алайда, қазір қоғамда әскерге деген сенім жоғалған. Ата-ана баласын әскер қатарына жібергісі келмейді. Себебі, әскерге барып мүгедек болып оралды, әскердегі сарбаз қайтыс болды деген жағымсыз жаңалықтар легі көбейіп кетті. Соңғы үш жылда жүздеген сарбаз әскерде көз жұмған. Бұл не? Әскердегі әлімжеттік тыйылмай отырғаны ма? Әскерилердің жұмысының салғырттығы ма? Сұрақ көп, жауап жоқ. Ал әскерге барудан бас тартқан жастарды көшеден, жұмысынан, оқуынан күштеп ұстап әкетіп жатқан деректер де жоқ емес.

Депутат Қорғаныс министріне жолдаған сауалында әскерде орын алған келеңсіз оқиғаларды тізбектеп берді. Өткен жылы әскери бөлімшелердің бірінде командир әскерге жаңадан келген сарбазды орындықпен ұрып, соққыға жыққан. Биыл маусым айында Жамбыл облысының бір әскери бөлімшесінде әскерге келгеніне бір-ақ ай болған сарбаз ес-түссіз жансақтау бөліміне түскен. 7 қыркүйекте Ақтаудағы горнизонда сарбаз Марат Барқұлов көз жұмды. Оны офицер атып жіберген. Бұл Ал таяуда орын алған Ербаянның жағдайы бүкіл отандасымыздың ашу-ызасын туғызды.

Депутат Нартай Сәрсенғалиев әскердегі әлімжеттік мәселесін үнемі айтып, көтеріп келеміз, бірақ жағдай түзелер емес, керісіенше ушығып барады дейді. Сарбаздардың армияда жарақат алып, қайтыс болуы тоқтар емес. Мәжілісмен қорғаныс министріне әскердегі аталған келеңсіздікті тыю және оның алдын алу бойынша нақты шаралар қабылдауды. Сондай-ақ, әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын көтеріп, айлығын өсіруді ұсынды

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.