Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Aшықcыз  жол  жабық

c 09:11, 11/05/2021 c 562

0:00 / 0:00

10 мамырдан бастап елорда әуежайында Ashyq қосымшасы енгізілді.  Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында  жолаушыларға Ashyq қосымшасы арқылы ғана ұшуға рұқсат беріліп жатыр.  Жолаушылар әуежай ғимаратына кірген бетте осы қосымша арқылы короновирус бойынша өздерінің статусын көрсетіп, көк, жасыл жанған жағдайда ғана ұшуға рұқсат алады. Нұр-Сұлтан әуежайында болған тілшіміз Әселім Қалкеннің бейнематериалынан.

Ашықсыз жол жабық. Осы жылдың 17 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнестің жекелеген нысандары үшін енгізілген Ashyq қосымшасы карантин барысында кәсіпкерлердің жұмысын жандандыра бастады.  Көптеген бизнес нысандарға ашық қосымшасысыз кіре алмайсыз. Бұл ковидтен сақтанудың  бір жолы деп отыр ұйымдастырушылар. Енді әуе бағытын таңдаған жолаушылар да, ашықсыз ұша алмайды. Бүгіннен бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында  жолаушыларға Ashyq қосымшасы арқылы ғана ұшуға рұқсат беріліп жатыр.  Жолаушылар әуежай ғимаратына кірген бетте осы қосымша арқылы короновирус бойынша өздерінің статусын көрсетіп, көк, жасыл жанған жағдайда ғана ұшуға рұқсат алады.Қолыңызда ұшақ билеті тұрса да, әуежайға келгенде ашық қосымшасы короновирусқа қатысты статусыңызды сары, қызыл деп көрсетсе, ұшаққа отырмақ түгілі, терминалға  да кіре алмайсыз. Ал ашық қосымшасының батасын алмаған болсаңыз, рейске жіберілмеген жағдайда, қаражатты қайтару бойынша сұрақтарды әуекомпанияларға жіберген жөн дейді әуежайдың баспасөз хатшысы.

Сондықтан  жолаушыларға әуежайға келгенге дейін алдын ала қосымшаны жүктеп алып, өз статусын тексеріп алғаны жөн.

Бүгінде Қазақстанның сегіз аймағында 500 жуық  нысан аосы ашық қосымшасын қолданып жатыр. Қоғамдық орындарға кірер алдында қосымшаны қолданушы арнайы QR-код  скандап көрсетеді. Код арқылы келушінің статусы анықталып, көк, жасыл жанған жағдайда рұқсат беріледі. Сары, қызыл түс жанса ол қауіпті болып табылады. Осы статус арқылы денсаулық сақтау министрлігі ковид жұқтырғандар жайында мәлімет жинайды.  Енді бұл мобильді қосымша птр тест тапсырса да, әуежай жолаушыларын да қатаң бақылауға алмақ.   Бұл  жолаушылар мен әуекомпаниялар және әуежай қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін қабылданып жатқан санитарлық шаралар болып табылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.