Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аналар талабы

c 19:01, 25/01/2021 c 511

0:00 / 0:00

Елордалық аналар «Отбасы -тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасын өткізбеуді талап етті. Министрлер үйіне жиналған 30 шақты ана депутаттарға деген реніш-назын айтып, аталмыш жобаның Парламентте қаралып жатқан нұсқасынан бас тартуды ұсынды. Өткен аптада Парламент мәжілісінің бір топ депутаты аналармен кездесіп, жобада ұлт болашағына нұқсан келтіретін баптар жоғын айтып ақталған болатын. Алайда, бүгін тағы бас көтерген наразы топ, жобада баланың жынысын таңдауға қатысты астарлап жазылған норма барын айтып отыр.

Бала тәрбиесіне қатысты заң жобасы бойынша  дау тудырған  наразы топ тағы да бас көтерді. Өздеріңізге мәлім, ел Президенті халықтың наразылығын тудырған жобаны бұл қалпында қабылдамауды тапсырған болатын. Бүгін министрлер үйіне жиналған аналар, парламент сайтынан жобаның сәл өзгертілген нұсқасын көріп, жағаларын ұстап отыр.

Аналардың  айтуынша, жобада баланың жынысын таңдауға қатысты астарлап жазылған норма бар.

Өткен аптада Парламент мәжілісінің бір топ депутаты аналармен кездесіп, жобада ұлт болашағына нұқсан келтіретін, ата –ана мен баланы бір—біріне қарсы қою,  баланың жынысын өзіне таңдауға мүмкіндік беру туралы баптар жоғын айтып ақталған болатын. Алайда, наразы топ депутаттарға сенбейді. Тіпті олардың отставкасын талап етті. Шум

Ал мәжілісмендер болса, жобаны одан әрі талқылауда қоғамның пікірін назарға аламыз деп ақталып отыр.

Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған «Отбасы -тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына қарсылық білдірген 30 мыңнан астам адамның қолы қойылған үндеу бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.