Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аналар бас көтерді

c 10:00, 03/06/2020 c 594

0:00 / 0:00

Елордалық көпбалалы аналар бас көтерді. 30-40 шақты ана министрлер үйінің алдына келіп, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 2 пайыздық ипотекаға жолдама беруді талап етті. Бұл бағдарлама аясында көпбалалы отбасыларына, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға және толық емес отбасына жеңілдетілген несие беріледі. Өткен жылы құзырлы орган биыл барлығын қарық қыламыз деп уәде еткенді. Алайда,ағымдағы қазынадан жоспарланған қаражаттың жартысы ғана бөлініп, Нұр-Сұлтанда  жеңілдетілген несиеге жолдама  тек 400 ден аса отбасы ғана берілетін болыпты. Ал мұндай 2600 отбасы бар.  Тегін емес, несиеге баспана ала алмай жүрген  аналар әбден ашынған. Олар парламент пен үкімет үйіне өтуге талпынып, депутаттар мен үкімет мүшелерінің және әкімдіктің шығуын талап етті.

Жеңілдетілген несиемен ипотека алсам деп армандаған көпбалалы отбасылар, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандардың, жалғыз басты аналардың бір ғана талабы-жолдама алу. Министрлер үйі алдында жиналған аналар биліктен тегін баспана сұрап отырған жоқпыз дейді. Бар болғаны  «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 2 пайыздық ипотекаға жолдама беруді талап етеді. Себебі, өткен жылы еңбек министрлігі мен қала әкімдігі бәрін қарық қыламыз деп уәде берген екен. Алайда, биыл бұл несиеге тек 400 ден аса отбасы ғана ілігіп отыр. Жалпы тізімде 2600 отбасы тұр. Бүгінде пәтер, времянка жалдап тұрып жатқан отбасылары балаларына жағдай жасап бергісі келеді. Ал ерекше бала тәрбиелеп отырғандар үшін жалдамалы времянкада еш жағдай жоқ.

Екі аптадан бері арыз-талабын айтып құзырлы органдардың табалдырығын тоздырған аналар, енді үкімет басшысы мен парламенттен көмек сұрайды. Ашулы аналар Үкімет үйі мен Парламентке бет алып еді, қаптаған тәртіп сақшылары әйелдердің жолына тосқауыл болды. Шум

Ашулы аналардың алдына құрылыс тұрғын үй комитетінің басшылығы шықты. Шенеуніктердің жаттанды сөзі -бәрі заң шеңберінде болады деген жауап айтты.

Әу баста, бақытты отбасы бағдарламасына қазынадан 100 млрд теңге бөліну жоспарланғанды. Алайда, экономикалық дағдарыс салдарынан қаражат көлемі қысқарып қалған. Шаханов мырза, бұл отбасылары кезекпен 2025 жылға дейін жеңілдетілген несиеге баспана алады деген уәдесімен құтылды.

Ашуына мінген көпбалалы аналар болса, қазынаның қаржысы мына су сияқты ағып, қолды боп жатыр дейді. Өз кезегінде индустрия министрі Бейбіт Атамқұлов есеп беру жиынында, биыл кезекте тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу мақсатында  "Шаңырақ" пилоттық жобасы басталады деп сүйіншіледі. Минстрдің сөзіне сенсек, биыл 15 миллион шаршы метр тұрғын үйді салу жоспары бар.

Бейбіт Атамқұлов – Қр Иидм; «Биыл президенттің тапсырмасы бойынша кезекте тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу үшін "Шаңырақ" пилоттық жобасын бастаймыз. Оған 390 миллиард теңге бөлініп отыр. Оның 180 миллиард теңгесі аймақтарда әлеуметтік кредиттік баспананы салуға жұмсалса, 210 миллиард теңге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы "5-10-20" бағдарламасы бойынша ипотекамен беріледі. Осы бағдарламамен жаңа үйлер сатып алынады.»

Бұл шамамен 150 мың пәтер. Ал 39 мың отбасыға мемлекеттік қолдау жасалады. Жыл басынан бері 25 мың пәтер пайдалануға берілмек

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.