0:00 / 0:00
Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Нұржан Әлтаев депутаттықтан да, партиядан да кетті. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатты. Еске сала кетейік, өткен аптада Нұржан Әлтаев El Tiregi өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы негізінде өз партиясын құратынын мәлімдегенді. Экс-депутат Қазақстанда саяси плюрализм жоқ, Nur Otan партиясы ғана бар деп сыни пікірін айтқан болатын. Енді ол билік партиясынан да, Мәжілістен де шығарылды. Әлтаевтың мұндай қадам жасауына не себеп болды деген сауалмен оның әріптестерінің, өзінің де пікірін білген едік. Тақырыпты Әселім Қалкен өрбітеді.
Сайлау алдында саяси көзқарасын өзгертіп, бірден өзі мүшелік етіп отырған партияның ұстанымы көңілінен шықпай қалған Нұржан Әлтаевтың бұл қай сасқаны деген пікір жоқ емес. Парламент Мәжілісіне партия тізімімен өткен Әлтаевтың депутат болып жүргеніне де көп болған жоқ. Дегенмен, мәжілісте белсенділік танытып, мәселе көтеріп жүрген депутаттардың бірі болды. Ал дәл сайлау алдында өз партиясының ұстанымы көңілінен шықпай қалыпты. Өткен аптада Әлтаев өз партиямды құрамын деп шықты. Қазақстанда плюрализм яғни пікір алуандығы жоқ. Бір ғана Нұр Отан партиясы ғана бар дейді ол.Бір қызығы Әлтаев партиядан шығатын ойын айтып та үлгермепті.
Ал бүгін Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатып тастады. Нұр Отанның саяси брюросы оны партиядан шығару туралы шешім қабылдап жіберді. Мәжіліс депутаттары әріптес болып жүрген Әлтаевтың бұл әрекетіне не дейді.
Дегенмен, қазіргі билік партиясынан шығып қалған Нұржан Әлтаевтың болашаққа өз жоспары бар екен.
Экс-депутат «Ел тірегі» саяси партиясын құрмақшы. Сасяи партия өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлерден құралмақ. Оған күшім де, білімім де, атағым да жетеді деп отыр. Ендігі шаруасы қоғамда орын алып отырған әділетсіздікпен күрес болмақ.