Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақжайықта тас жолдар жөндеу көрмек

c 12:28, 16/06/2020 c 865

0:00 / 0:00

Биыл БҚО-ның Ақжайық ауданына қарасты Жаңабұлақ ауылының кіреберіс тас жолы жөндеу көрмек. Жолдың жалпы ұзындығы 3,3 шақырым, ені 6 метрді құрайды. Құрылыс жұмыстары үшін қазынадан 426,8 млн теңгедей қаражат бөлінген. Және Чапаев ауылына қарасты Жайық елді-мекенінің кіреберіс тас жолы да 2020 жылы толықтай жөнделіп аяқталмақ. Сала мамандары күрделі жөндеу жұмыстарын биыл күзде аяқтауды көздеп отыр. Ақжайық ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсарымен облыс әкімі Ғали Есқалиев танысқан-ды.

Бұл-Ақжайық ауданына қарасты Жаңабұлақ ауылы. Аталмыш ауылдың тұрғындары көктем мен күзде жол азабын тартып, күні бүгінге дейін біраз қиналып келді. Енді тұрғындар осы күзден бастап тақтайдай тас жолмен қала мен аудан орталығына қатынайтын болады. Биыл 3,3 шақырым ауылға кіреберіс тас жол жөнделіп аяқталмақ.

Тас жолдың жөнделуі сынды жағымды жаңалық Чапаев ауылына қарасты Жайық елді-мекенінің тұрғындарын да қуантуда. Аталмыш елді-мекенге кіреберіс 3 шақырымдай тас жолдың жөндеу жұмыстары күзде бітеді деп күтіліп отыр.

Сондай-ақ, Жайық елді-мекенінің солтүстік бағытына инженерлік желілерді тарту жұмыстары қолға алынған. Қазіргі таңда мердігер компания 22 шақырымдай су құбырын тарту жұмыстарын атқаруда. Бұл үшін 131,2 млн теңге республикалық бюджеттен бөлінген.

Аудан орталығына қарасты инженерлік коммуникация жұмыстарын тарту шараларының баршасы "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының аясында іске асуда.

Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.