Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне мыңнан астам сұрақ келіп түсті. Елордалықтарды толғандарыған басты мәселе баспана, газдандыру, автокөлік тұрағы, қауіпсіздік мәселесі болды. Әкім Алтай Көлгінов 3 сағатқа созылған онлайн есептік кездесуінде, қаланың экономикалық -әлеуметтік даму барысы жайында айтып берді.
Пандемия әкім бол, халқыңа жақын бол деген қағиданы ұстануға мүмкіндік бермей отыр. Әкімдердің дәстүрлі есеп беруі биыл халықтан қашықта өтіп жатыр. Бас қаланың басшысы Алтай Көлгінов қалалықтармен онлайн кездесуге әбден дайныдалып келгенге ұқсайды. Баяндамасын елорданы дамыту жоспарынан бастаған әкім, қалада тұрғын үй салу жұмысы жалғаса беретінін, жаңа көпір салынатынын айтты. Нұр-Сұлтанда үлескерлер мәселесі өзекті. Өткен жылы 52 проблемалық нысан болды. Бұл дегеніміз 130 пәтер. 15,5 мың үлескер жылдар бойы үйін күтеді. Биыл 7 мың үлескерді баспанамен қамту үшін 50-ден астам пәтерді пайдалануға береміз дейді әкім. Ал әлеуметтік баспана мәселесі де күн тәртібінен түспей тұр. Ол үшін қолжетімді баспана салынып тапсырылуда. Алайда, кезекте тұрғандар саны әлі де болса көп. Әкімдікпен өткен жылы 7 мыңнан аса әлеуметтік пәтер берілсе, биыл 10 мың пәтер тапсыру жоспары тұр. Ал жастарды баспанамен қамту мәселесі карантиннің салдарынан кенже қалды.
Ел астанасының тұрғындар саны да жыл сайын артуда. Осыдан 10 жыл бұрын 650 мың адам тұрған болса. Қазір Нұр-Сұлтанның тұрғындар саны 1 милллион 200 мыңды құрайды. Ал бұл бала санының артуына әкеліп, мектептерде орын тапшылығы туындап отыр. Үш аусымда оқытып жатқан білім ордалары да бар. Әкім биыл тағы 15 мектеп салынады дейді.
Нұрсұлтандықтарды қаланың көркін кетіріп тұрған аты-шулы Astana LRT құрылысы да мазалады. Көлгінов бұл жұмыс жалғасатынын айтты. Сондай-ақ, қалаға тиіп тұрған Қосшы ауылының мәртебесі, жауыннан кейінгі елорданың жағдайы, үлескерлердің проблемалық мәселелері, қауіпсіз қала, автотұрақтар мәселесі бойынша да сұрақтар көтерілді. Алтай Көлгіновтің онлайн есептік кездесуі 3 сағатқа созылып, 1200 сұрақ қойылды.