Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЭС САЛЫНАТЫН БОЛДЫ

c 22:04, 07/10 c 29

0:00 / 0:00

Елдегі науқан да аяқталды. Қоғамда АЭС салу мәселесін талқыламаған жан қалмады. Үкімет ядролық реактордың қаншалықты қажет екенін насихаттап, ел ішінде тыңдалымдар өткізіп, халықтың тиісті шешім қабылдауына жағдай жасады. Бір жыл бойы халық талқысында болған АЭС құрылысы бойынша референдум да өтті. Электр энергиясының тапшылығы болмауы үшін реактор саламыз. Сасяи науқанда даусы беруге құқылы 12 миллионна астам қазақстандықтың 7 млн 8 мыңнан астамы дауыс беруге қатысты. Оның 2 миллионнан астамы қарсы болса, 5 млн аса қазақстандық қолдаған.

Ал Exit poll нәтижесінде қатысушылардың 72,3 пайызы АЭС құрылысын қолдаған. Айта кету керек, Қазақстанда өткен жалпыұлттық референдумды бақылауға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары өз елінде саммит өтетін айтып, келмеді. ТМД байқаушылары болса референдум барысында тіркелген заң бұзушылықтарды атады.

ЛЕОНИД АНФИМОВ – ҚР ТМД БАЙҚАУШЫЛАРЫ МИССИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ «Заң бұзу деректері тіркелді. 24 адам республикалық референдумға қатысты сауалнама жүргізу тәртібін сақтамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қылмыстық істер қозғалған жоқ. Ішкі істер министрлігі референдумға қатысты бір ғана құқық бұзу дерегін, яғни ресми деректерсіз үнпарақтар таратылғанын хабарлады».

Референдум қортындысы бойынша бюллетеньдер саны 82 729-ды құраса, 130 267 бюллетень жарамсыз деп танылды. АЭС салуға қатысты рефрендум өтеді дегелі оны қолдаушылармен бірге, қарсылық білдірушілер де болды. Тыңдалымдар барысында қарсы топ атом стансаны салғаннан кейін оның ядролық қалдықтарын сақтау қауіпсіздігін қамтуды айтқанды. «Екінші Чернобыль болмасын» деген ойларын ортаға салды. Ал қолдаушы топ жергілікті жерлердегі ЖЭС әбден тозған. Ал халықаралық ұйымдар жаңа көмір стансаларын салудан бас тартып отыр. Себебі, көмірден шыққан қалдықтар қоршаған ортаны ластауда. Сондықтан энергия көзін тарту үшін АЭС салу өте тиімді деді. Еске сала кетейік, ел билігі су реакторын салуды жоспарлап отыр. Оның корпусының қалыңдығы 20 сантиметр металдан тұратын болады. Темірбетон конструкциясының қалыңдығы 1 метр. Бұл 8 баллдық жер сілкінісіне төтеп бере алады. Тіпті ұшақтың құлауына да шыдайды дегенді алға тартады мамандар. Энергетика министрлігінің мәліметінше, АЭС құрылысы алдағы 10 жылдың еншісіндегі мәселе. Атом реакторын салуға 15 миллиард доллар бөлінбек. Стансаны кім салады? Бүгінде Қытай, Ресей, Франция мен Корея елдері ниет білдіріп отыр. Қазақстанның соның ібреуін таңдауы мүмкін. Ал кеше өткен референдумда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салуға озық технологиясы дамыған компаниялардан құрылған халықарлық консорциум жұмыс істегені жөн дегенді. Айта кету керек, Түркияда Аккую атом электр станциясын халықаралық консорциум салып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.