Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЭС ҚАЛАЙ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛАДЫ?

c 19:54, 10/10 c 31

0:00 / 0:00

«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын (АЭС) салуды қаржыландырудың екі нұсқасын қарастыруда. Оның ішінде Ұлттық қордан тартады және өз қаржымыз пайдалануымыз мүмкін деп мәлімдеді холдингтің басқарушы директоры Ернат Бердіғұлов. Кем дегенде 20-30% біз өзіміз төлеуіміз керек, қалған бөлігі - қарыз. Екінші нұсқа - үшінші тарап толық қаржыландырады. АЭС құрылысына көптеген халықаралық қаржы институттары мен компаниялар қарыз ала алады, алайда «Самұрық-Қазынаға» өз бөлігін де салуға тура келеді. Егер шетелдік әріптес қаржыландыруды өз бетінше тарта отырып, құрылыс салуға дайын болса, онда ол бұл компанияның кепілдігін алады деп есептейді. Елде АЭС салынады дегелі жарыса пікір айтқан мамандар оның құрлысына 15 млрд доллар көлеміне қаражат жұмсалады. Кредитке салып береді дегенді. Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов Қазақстандағы АЭС құрылысы бөліп төлеу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін деп отыр.

АРМАН ҚАСЕНОВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТР "Қазір кім, қандай елдер салатыны туралы шешім қабылданған жоқ. Тиісінше, қалай қаржыландырылатыны туралы түсінік жоқ. Мен АЭС құрылысын қаржыландырудың бір нұсқасы оны бөліп төлеу екенін білемін. Оны салатын компания төлемді кейінге шегере алады. Тиісінше, қаржыландыру үшін қаражат қажет болмауы мүмкін. Бірақ қазір мұны нақты айта алмаймыз, өйткені кім салатыны белгісіз".

Қазақстандық тарап АЭС құрлысын қаржыландырудың қандай нұсқасын таңдаса да, жобаның құны тариф есебінен өтеледі.

АРМАН ҚАСЕНОВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ «Энергия генераторлық жобалардың бәрі шығынды қажет етеді. Бұл шығын тариф есебінен өтеледі. АЭС жобасы да солай. Сол себептен шығынға батырмайды»

Осылайша, құрылысқа жұмсалатын барлық шығындар электр энергиясының құнында болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.