0:00 / 0:00
Адвокаттық қызмет үшін төленетін ақы қалтаны көтермей тұр. Адвокаттың гонарарын төмендету үшін Мәжіліс адвокаттық қызмет туралы заң жобасын мақұлдады. Бүгінде Қазақстанда адвокаттар тапшы. Соның әсерінен адвокаттың қызметі де қымбат болып тұр.Ал адвокат мәртебесін алуы үшін үміткер бірнеше сатыдан өтіп, орташа есеппен бір миллион теңге төлеуі тиіс.
Қазақстанда орташа алғанда бір адвокатқа шаққанда 3 900 азаматтан келеді. Ал дамыған елдерде бір қорғаушыға 300-500 адамнан келеді. Осылайша, елде адвокат тапшы. Оған қоса қорғаушының қызметі де қалта көтермейді. Қазақстандағы заңгерлердің қызметі жылына 60 доллардан 100 миллионға дейін барады. Адвокаттар алқасының төрағасы Әнуар Түгелдің айтуынша, заңгер мамандығын оқып шыққан түлектер жұмыс таба алмай сандалып жүр. Көбісі келісім шарт жасауда, арыз-шағымды рәсімдеуде сүрініп жатады. Себебі, заңгер мамандығына оқыту сапасы да төмен. Сондықтан еңбек өтілі жоқ заңгерлер адвокат болуға бел буып, ақша іздейді. Сосын да, елде мықты адвокат тапшы, қызметі тым қымбат. Жас адвокаттардың мәселесін шешу үшін, депутаттар оларға жеңілдік беру керек дейді.
Василий Олейник –ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Жас адвокаттарды қорғау мақсатында,олардың клиенттер базасының аздығын, ақшаларының жоқтығын ескеріп, оларға жарна құнының 50 пайызын ғана төлеуге жеңілдік жасалады».
Адвокат болу үшін жоғары заңгерлік білімді меңгеріп, адвокаттар алқасында алты айдан бір жылға дейінгі мерзімде тағылымдамадан өтуі тиіс. Тағылымдама ақылы. Олан әрі адвокат мәртебесін алу үшін бірнеше күрделі рәсімнен өтіп, 1 млн. теңгеге жуық қаржы төлеу қажет болады. Жарна құнының қымбаттығын адвокаттар алқасы, азаматтарды қабылдайтын ғимаратты жалдауға ақша кетеді деп түсіндіреді.
Василий Олейник –ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Заңда қорғаушыларға дәлелдер жинауға құыққ беретін өкілеттілігі кеңейтіліп отыр. Адвокаттың сұрауы бойынша сот сараптамасын бекіту мүмкіндік беріледі».
Не керек, істі болған адамға адвокат жалдау оңай шаруа емес. Сот алдында ақталып шығуы үшін, гонарары шарықтаған адвокат жалдайтын жағдайы болуы тиіс немесе мемлекеттік қорғаушыға сенуге тура келеді. Ал жеңілдігі бар азаматтарға адвоктаттар тегін қызмет көрсетеді.