0:00 / 0:00
Оралда «Астана» сауда үйінің маңында көлік жанып кетті. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары таратқан мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін болған. Сағат 18.15-те Сырым Датұлы көшесі бойындағы «Астана» сауда үйі аялдамасы маңында 2011 жылы шығарылған «Hyundai Accen»t автокөлігінің жанып жатқаны жөнінде мәлімет түскен. БҚО ТЖД бас маманы Жарас Көпжасаровтың айтуынша өртті сөндіруге 6 адам, 1 техника жұмылдырылған. – «Тілсіз жау» сағат 18.28-де ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлілер, келтірілген шығын анықталуда. Жыл басынан бері облыста көлік жанудың 63 дерегі тіркелді. Көп жағдайда шетелдік үлгідегі автокөліктер өртеніп отыр ,– деді Ж. Көпжасаров.