Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

21,5 ТОННА ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

c 09:48, 13/11 c 27

0:00 / 0:00

Есірткі қылмысымен күрес күшейген сайын, бұл қылмыс түрі өршіп бара жатқандай. Нашақорлық, есірткінің заңсыз айналымы,құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру- қылмыстың кең етек жаюына әсер етуде. Ішкі істер министрлігі республика аумағында заңсыз есітркі айналымын анықтау мақсатында «Қарасора - 2024» кең ауқымды жедел-алдын алу іс-шарасы өткізген еді. Нәтижесінде 21,5 тонна есірткі тәркіленді.

Ресми өкілдің хабарлауынша, Қарасора операция құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру фактілерін анықтап, жасырын егістіктер және плантацияларды жоюға бағытталған. Мәлім болғандай адамзатты улап, нашақорлықтың көбеюіне себеп болып отырған заңсыз есірткі айналымымен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды.

Нашақорлар үшін қолжетімді есірткі түрі –синтетикалық есірткі болып отыр. Оны сатып алу қазір қиынға түспейді. Сайттар арқылы сатушылар көбейген. Құзырлы орган мұндай сайттарды қанша жауып жатқанымен, жаңасы ашылып үлгереді. Бір өкініштісі есірткі таратуға жасөспірімдер көп тартылады. Тез ақша табудың жолына түскен жастар бұл қылмыстың шырмауына түсіп жатыр. «Қарасора» операциясы кезінде синтетикалық есірткі өндіретін 15 есірткі зертханасы анықталған. Жалпы салмағы 3 тонна болатын 15 мыңнан астам «үнді» және «голланд» қарасораның бұталары жойылды. Яғни, айналымға есірткінің 166 мыңнан астам бір реттік дозасы жіберілмеді. Оның қара нарықтағы орташа құны 7,5 млрд теңгені құрайды. 12 күдікті, оның ішінде іздеуде жүрген бір қылмыскер ұсталып, қамауға алынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.