Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

21 маусым-медицина қызметкерлері күні

c 17:13, 17/06/2021 c 730

"Бірінші байлық денсаулық"- дегендей қанша жерден қалталы болсақ та, денсаулықты ақшаға сатып ала алмайтынымыз аян. Осы орайда саулығымыз сыр бергенде жанымызды шүберекке түйіп, дәрігерлер еміне жүгінеміз. 1989 жылдан бері облыстық көпбейінді аурухананың гастриенетология бөлімінде табан аудармастан науқастарға ем шара жүргізіп жүрген жоғары санатты дәрігер - Гүлнар Айболатқызы  өз мамандығын ерекше сүйетінін атап өтті. Өйткені дертіне дауа тапқан әр жанның ақ батасы медицина маманының өз жұмысына деген ынта-жігерін одан әрі арттыруда.Бұдан бірнше жыл бұрын ішкі құрылыс ауруларын емдеуде бірқатар қиындықтар туған болса, қазіргі кезде емдеудің тиімді тәсілдері жұмыс барысына енгізіліп, нәтижесін беруде. Және 10 жылдан бері көптеген заманауи құрылғылар сатып алынып, науқастар ауруларынан құлан таза айғып жатыр. Әсіресе 30-35 жас аралығындағылар арасында асқазан, тоқ ішек пен ас ішік жаралары жиі кездесетін көрінеді. Бүгінде облыс бойынша 548 адам осы аурумен дәрігерлік есепте тұр. Жасыратыны жоқ жыл сайын аурулар саны 10 науқасқа көбейіп келе жатырғаны байқалады екен. Емінен бөлек жылы сөзбен алдына келгендерге қуат беріп жүрген, жүзінен нұр шашқан маман дертті асқындырмай, дер шағында дәрігерге көріну- аурудан жазылудың кепілі дейді.Енді сала жетістігіне тоқталсақ. Облыста денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 2020 жылы 830 медициналық жабдық, қаржы лизингі бойынша 37 санитарлық автокөлік алынған. «Жұмыспен қамту-2020» Жол картасы бағдарламасы бойынша 1,1 млрд.теңге сомасына 14 денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді. 2020 жылдың желтоқсанында Орал қаласындағы «Жұлдыз» шағын ауданында жұқпалы аурулар ауруханасының жаңа корпусы ашылды. 2020 жылы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін жүзеге асыру үшін облысқа 9 бірлік жылжымалы медициналық кешендер (ПМК) сатып алынды. Бұдан басқа, 2020 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, эпидемияға қарсы тұрған медициналық қызметкерлерге ай сайын еңбекақысына үстемеақы төленді. Облыстың денсаулық сақтау жүйесінде 1744 қызметкер және 6542 орта медициналық қызметкер жұмыс жасаса, былтыр өңірге 119 жас маман келіп, оның 54-і ауылдық жерлерге жолданған. Қазіргі уақытта жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада 9 студент білім алып жатса, 19 резидент маман 2021 жылы облыстың медициналық ұйымдарына келмек. Кадр тапшылығы мәселесін шешу өзекті проблема күйінде қала береді. Өйткені, аймақта маман тапшылығын толықтай жою үшін 277 жоғары санатты дәрігер қажет. Өткен жылы қазынадан біржолғы өтемақы төлеуге 40,0 млн.теңге бөлініп, оған 67 маман ие болыпты. Үстіміздегі жылы кардиологиялық орталық мәселесі түбегейлі шешімін табатын болады. Және қаладағы Ақжайық ауданында жаңа 7-ші емхана бой көтермек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.