0:00 / 0:00
Облыс орталығынан небары 25 шақырым қашықтықта орналасқан Магистральный ауылының тұрғындары мен көрші Әйтиев ауылының азаматтары қалаға қатынай алмай отыр. №77 қоғамдық көлік бір айдан бері қатынауын доғарған. Қоғамдық көліктің жоқтығынан зейнет жасындағылар мен мектепте оқитын жеткіншектер жапа шегіп отыр. Ауыл тұрғындары қалаға қатынау үшін 2 шақырымды бағындыруы керек.