Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зейнетақы жарнасын шешіп алыңыз

c 19:29, 04/01/2021 c 777

0:00 / 0:00

Биылдан бастап зейнетақы жинағының бір бөлігін үй алуға, денсаулығыңызды жақсартуға немесе қаржы компанияларының басқаруына беруге болады. Президент тиісті заңға қол қойды. осылайша қазақстандықтар көптен күткен зейнетақы қорындағы салымының бір бөлігіне қол жеткізе алатын болды. Қазақстандықтар бұл мүмкіндікті қалай пайдаланбақ, жалпы хабары бар ма деген сауалнама жүргізген едік.

Жаңа жылдан бастап, қазақстандықтар көптен күткен зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін баспана алуға, емделуге және жекеменшік қаржы компанияларының басқаруына жұмсай алатын болды. Ертең-ақ, зейнетақы жинақтаушы қорына барып,  өтінішіңізді қалдырсаңыз болады. Айта кетеу керек, қордағы жинағыңыздың бір бөлігін алу үшін жас шамасына қарай шектеулер бар. Мысалы,   20 жастағы азамат  "жеткілікті шек" – 1 млн 720 мың теңгесін шотында қалдырып, осыдан асқан қаражатын  жоғарыда аталған мақсатқа пайдалана алады.  Ал елуден асқан азаматтың шотында 5 милиион теңге қалуы тиіс. Сондай-ақ, туысқандар арасында бірлесіп пайдалану да қарастырылған. Қазақстандықтар көптен күткен бұл мүмкіндікті қалай пайдаланбақ деген сұрақпен сауланама жүргізген едік. Арасында бұл жаңалықты білмейтіндер де кездесті.

Айта кету, керек қордағы қаражатты шешіп алғаныңыз үшін  табыс салығы ұсталады. Парламент  10% табыс салығын зейнетке шыққаннан кейін бөліп төлеуге рұқсат етеді деген түзету енгізді.  Еңбек министрлігінің мәліметінше, зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсау мүмкіндігіне 721 мың қазақстандық қол жеткізе алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.