Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Өндірісте 185 адам қайтыс болды

c 09:32, 30/12/2020 c 775

0:00 / 0:00

Ағымдағы жылдың 11 айында өндірістік кәсіпорындарда 1 300 адам жарақат алып, оның 185-і қайтыс болды. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Үкімет отырысында мәлімдеді. Министрдің айтуынша,  кәсіпорындарда жұмысшылардың жалақысын төлемеу, кешіктіріп беру фактілері әлі орын алуда.

Қазақстанда 324 мың кәсіпорында 6 миллилн 600 мыңнан астам жұмыскер еңбек етуде. Өкінішке орай, жұмыскерлердің еңбек құқығының сақталмай деректері жойылар емес. Өндірістік жарақаттардың орын алуын төмендету жұмыстары жүргізілгенімен, биыл мұндай оқиғалар көп тіркелді.  Ағымдағы жылдың 11 айында өндірістік кәсіпорындарда 1 300 адам жарақат алып, оның 185-і қайтыс болды.

Кәсіпорындарда жалақы берешегі де қордаланып қалған проблема. Биыл еңбек инспекторлары 4,2 млрд теңге көлемінде анықталған жалақы қарыздарын өтеп,  31 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды.

Министрдің айтуынша, жалақыны уақытында өтемеген  жұмыс берушілерге қосымша есепшоттармен мүлікке тыйым салу, елден шығуға шектеу шаралары  қолданылатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.