Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зейнетақы қоры кімге бұйырады?

c 09:37, 29/12/2020 c 639

0:00 / 0:00

Қазақстандықтардың еңбек жолында тырнақтап жинаған зейнетақы қорындағы жарнасының бір бөлігін өз қажетіне пайдалануға рұқсат берілді. Енді жаңа жылдан бастап салымшы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы  қаржысының шекті мөлшерден асқан бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе жекеменшік қаржы компанияларының басқаруына беруге құқылы. Алайда, салымшылардың жасына қарай шектеулер бар. Қорда белгіленген сома қалуы тиіс. Зейнетақы қорындағы қаражатты қалай алады, кімдер ала алады? Бұл сұрақтарға онлайн баспасөз маслихатында құзырлы орган өкілдері жауап берді.

Жаңа жылдан бастап, қазақстандықтар көптен күткен зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін баспана алуға, емделуге және жекеменшік қаржы компанияларының басқаруына жұмсай алады. Ал ол қаражатты қалай алады, кімдер ала алады? Өздеріңізге мәлім, өткен жылы ел Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында азаматтарға зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат беру мәселесін пысықтауды Үкіметке тапсырған болатын. Ендігі Парламент тиісті заң жобасын қабылдап, Президенттің қол қоюына жолдады. Еңбек министрлігінің мәліметінше, жинақ салымын 700 мыңға жуық азамат ала алады. Алайда, көпшілік күткендей екінің бірі зейнетақы қорындағы ақшасын ала алмайды. Салымшылардың жасына қарай шектеулер қойылған.  Есепшотта жеткілікті шекте белгіленген қаражат қалуы тиіс. Мысалы,   20 жастағы азамат  "жеткілікті шек" – 1 млн 720 мың теңгесін шотында қалдырып, осыдан асқан қаражатын  жоғарыда аталған мақсатқа пайдалана алады.  Сондай-ақ, туысқандар арасында бірлесіп пайдалану да қарастырылған.

Дегенмен, тағы да сол қара халық бұл қордан тиындап ғана ақша алады. Ал қалталы салымшылар үшін бұл тағы бір мүмкіндік болып отыр. Қор жинағындағы есепшотында 20-30 милиион теңгесі  барлар бір пәтер сатып алатындай қаржысын пайдаланбақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.