Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Никонов тарихты білмей ме?

c 09:17, 15/12/2020 c 1146

0:00 / 0:00

"Қазақстан аумағы – Ресейдің берген үлкен сыйы" деп мәлімдеген Ресей Федерациясы Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың бұл әрекеті арандатушылық болып табылады. Осыған орай Қазақстанның сыртқы істер министрлігі  көрші Ресейге нота жолдады. Ресейдің «первый канал» телеарнасындағы ток-шоуда  Никонов Солтүстік Қазақстан өңірі мүлдем болмаған, Қазақстан аумағы  Ресейдің қазақтарға жасаған сыйы деген негізсіз ойын айтқан еді. Бұл қазақстандықтардың ашуын тудырды. Бірқатар парламент депутаты, сарапшылар   тарихшы бола тұра Никонов мырзаның мұндай негізсіз сөз айтуын арандатушылық, сауатсыздық, қастандық деп бағалап отыр.

Соңғы кезде  көрші ресейлік саясаткерлер тарапынан Қазақстанның жеріне қатысты негізсіз пікірлер жиі айтылып жүр. Өткен демалыс күндері ресейлік арналардың біріндегі ток-шоуда Ресей Федерациясы Думасының депутаты Вячеслав Никоновтың «Қазақстанның аумағы-ресейдің берген үлкен сыйы деген» сөзі қаақстандықтардың ашуын тудырды.

Вячеслав Никонов – ресей федерациясы думасының депутаты -«Қазақстан жері мүлдем болмаған. Солтүстік Қазақстан жерінде халық тұрмаған. Қазақтар болды, бірақ, оңтүстікті мекендеді. Қазақстан аумағы-Ресейдің, Кеңес Одағының берген үлкен сыйы»

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Ресейге  осы келеңсіздікке қатысты нота жолдады.    Нотада Қазақстанға қатысты арандатушылық әрекеттерінің жиілеп кетуі екі мемлекет арасындағы одақтастық қатынастарға айтарлықтай нұқсан келтіретіні айтылды.  Ресей тарапы осыған қатысты баға беруі және  тиісті шаралар қабылдауы қажет деп  жазылған. Алайда, сыртқы істер министрлігі осы нотаға қатысты сұқбат беруден бас тартты. Ал БАҚ бетінде Парламент сенатының депутаты  Мұхтар Құл-Мұхаммедтің мәлімдемесі тарады. Сенатор ресейлік әріптесінің бұл әрекетін арандатушылық, саяси жауапсыздық деп бағалады.  Ол бүгінгі Қазақстан аумағы орта ғасырдағы әйгілі Алтын Орда, Қазақ хандығының жері екенін атап өтті. Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлдың да наразы мәлімдемесі де тез тарады.  Ресейлік депутаттың   сөзіне намыстанған қазақстандықтар оның әлеуметтік желідегі  парақшасында пікір қалдырды. Кейін депутат Вячеслав Никонов Қазақстан халқына "ыстық ықылас" білдіретінін айтты. Алайда, кешірім сұраған жоқ. Қоғам белсендісі Арман Шораев кейбір ресейлік саясаткерлердің қазақтың байтақ жеріне көз сүзе беруі, әдейі жасалып қастандық дейді.

Шораев мырза, «тарихқа үңілсек Ресейге өтіп кеткен қазақтың Орынбор, Омск, Сарыат, Қорған, Астрахань сияқты талай жері бар. Бірақ біз оны дауламаймыз»- дейді. Қазақстандық тарихшылардың айтуынша, Қазақстан 1920 жылы  Кеңес Одағының Қырғыз Автономиясы деп жазылды. Астанасы-Орынбор қаласы болды.Бұл Лениннің кезінде орын алған еді. Ресейлік казактарды қазақтармен шатыстырмау үшін қырғыз атвономиясы деген атау берген. Алайда, 1925 жылы Алаш көсемдері қазақ хандығына кірген жерлерді дәлелдеп, қорғап, қазақ атауын қайтарған болатын. Сондықтан Ресейден алғанымыз жоқ. Қазақ өз жеріне ие болып отырған ел екенін көрші елдегі саясаткерлер есінен шығармай, арасында тарихқа үңіліп тұрса дейміз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.