Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Заңсыз  ағаш кескендер қамауға алынады

c 10:12, 11/12/2020 c 1171

0:00 / 0:00

Қазақстанда заңсыз ағаш кескендерге қатысты жаза күшейтіледі. Ағаштарды қорғау мәселесі Үкімет онлайн отырысында талықланды.  Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің мәліметінше, заңсыз ағаш кесуге бойынша Қылмыстық кодекс пен әкімшілік кодекске өзгерістер енгізілуде. Айыппұл көлемі бірнеше есеге артады.

Қазақстан орман алқабы аз мемлекеттер қатарында. Қоршаған ортаны тазалауда ормандардың алар орны ерекше. Алайда, қоғамда табиғат ананың сыйын күтіп ұстау мәдениеті төмен болып тұр. Қала көшелерін көркейтіп ғана, қоймасын ауасын тазартып тұрған ағаштарды кесу үрдісі орын алуда. Соңғы Алматыдағы жағдай қазақстандықтардың ашуын келтірді. Жайқалып өсіп тұрған ағаштарды кесіп тастаған Сұлпак компаниясына әлеуметтік желіде байкот жариялағаны мәлім. Экология министрі елді мекендерде ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою және зақымдау фактілері жиі орын алуда дейді.  Осыған орай, заңсыз ағаш кескендерді жазалуды күшейту ұсынылды. Яғни айыппұлдар көлемі бірнеше есеге артатын болды.

Сондай-ақ, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген әрбір заңсыз кесілген ағаш үшін зиянды өтеу мөлшерін 6 айлық есептік көрсеткіштен 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды. Ендігі Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге де өзгерістер енгізілуде.

Қылмыстық кодекстегі өзгерістер бойынша, заңсыз ағаш кескендер 160 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін немесе 40 күнге қамауға алынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.