Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сақ болыңыз!

c 11:45, 09/12/2020 c 793

0:00 / 0:00

Газ баллонды қолдану қауіпке айналды. Қоғамдық тамақтану орындарында, жекеменшік үйлерді газ баллонды қолдану кеңінен тараған. Алайда, азаматтар оның қауіпсіздік шарасын сақтамай отыр. Мұның салдарынан газ баллондар жарылып, кісі шығыны орын алуда. Осыған орай, төтеншеліктер  шағын және ірі бизнес субьектелеріндегі қауіпсіздік шарасын сақтау барысын тексеріп, ескерту жасауды бастады. Тілсіз жаудың орын алуына жылу беру құралдарын да дұрыс қолданбау себеп болуда. Жалпы республикада ағымдағы жылы 2557 өрт орын алған.

Апат айтып келмейді. Қыс басталғалы жылу беру құралдарын дұрыс қолданбау, пеш жағу қауіпсіздігін сақтамау салдарынан өрт орын алып, кісі өліміне дейін әкеп соғуда. Төтенше жағдайлар министрілігінің мәліметінше ағымдағы жылы елде 2557 өрт орын алды. Ал қоғамдық тамақтану орындарында газ баллонын қолдану да қауіпті болып отыр. Соңғы кездері газ баллонның жарылу салдарынан өрт шығу жиілеп кетті. Елордада орын алған соңғы жағдайда екі адам көз жұмған еді. Онда бір газ баллон жарылып, құтқарушлар тағы 35 баллонды алып шыққан болатын. Осыған орай төтеншеліктер дәмхана, мейрамхана, жалпы қоғамдық тамақтану орындарын аралап, газ баллонды қолдану ережесін түсіндіріп, ескерту жасау рейдін бастады.

Алайда, тексеру барысында қауіпсіздік шарасын бұзғандар анықталғанымен, төтеншеліктер кәсіпкерлерге қатысты ешбір шара қолдана алмайды. Тек ескертумен шектеліп, құзырлы органдарға заң бұзушылықтар жайында мәлімет береді. Өздеріңізге мәлім, елде шағын және орта бизнесті тескеруге мораторий жарияланған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.