Өңіріміздің аумағында адам ағзасын саудалайтын ғаламтор сайты белгілі болды. Аталмыш сайтта адамның дене бітімдерін сату жөнінде хабарламалар жарияланыпты. Көлеңкелі сауда -саттықты насихаттаған ғаламтор ресурсын Тасқала аудандық прокуратурасы анықтады. Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде адам ағзасын саудалайтын сайттың жұмысы еліміздің аумағында заңсыз деп танылып, сайттың жұмысы толықтай тоқталыпты. Алайда, заңсыз сауданы жарнамалағандарға қатысты сот үкіміне әлі заңды күшіне енген жоқ.