Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАЙЛЫҚ САЛЫҒЫ

c 09:59, 13/11/2020 c 540

0:00 / 0:00

Шіріген байлық үшін салықты өсіру керек. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы елде байлық салығын енгізуді ұсынды.Бұл қалталы азаматтардың халық алдында әлеуметтік жауапкершілігін арттырады дейді сенатор. Осылайша қымбат көлігі, зәулім үйі, яхтасы барлар өз байлығын елдің дамуына бағыттауы тиіс. Толығырақ Әселім Қалкен баяндайды.

Кеңес дәуірінің бодандығынан босап, тәуелсіздік алғанымызға отыз жыл толды. Осы аралықта  халықтың бай және кедей топтары арасындағы алшақтық әлдеқайда өсті. Форбс журналында милллиардтардың иесі деген қазақстандық байлардың тізімі де жыл сайын артып келеді. Ал елдің бір бөлігі кедейшілік шегіне жетіп, күнделікті қант-шайын айыратын нәпақа таба алмай қиналуда. Алайда, табыс салығына салынатын салық бәріне бірдей етіп бектіліген. Сенатор Мұрат Бақтиярұлы теңсіздікті жою керек деп санады.Яғни шіріген байлығы үшін салынатын салық та көп болуы тиіс. Осылайша дәулетті азаматтар халықтың алдындағы  әлеуметтік жауапкершілікті сезінуі тиіс.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің сөзіне сенсек, мұндай жоспар бар екен. Тіпті министр қымбат көлік пен мүлігі барларға салынатын салық та көп деп ақталды.

Бұл мәселеге палата төрағасы араласты. Спикер министрге байлық салығын енгізуді көпке созбауға кеңес берді.

Не керек, бай және кедей деген ұғым қалыптасқан. Елде орта таптың үлесі 7 пайызды ғана құрайды. Сарапшылардың айтуынша, дамыған Еуропа елдерінде орта таптың үлесі 70-80 пайызды үстінде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.