Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қылмыс өршіп тұр

c 09:24, 05/11/2020 c 616

0:00 / 0:00

Елде жыл басынан бері адам саудасына қатысты 107 факті анықталды. Бұл ұйымдасқан және трансұлттық қылмыстар. Сондай-ақ,ағымдағы жылы 16 қылмыстық топтың көшбасшылары мен 130 қатысушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Шамамен 150 қару мен 960 оқ-дәрі тәркіленген. Бұл жайында Ішкі істер министрілігінде өткен онлайн брифингте министр Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. Бас полицейдің айтуынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментін құру жоспарланып отыр. Оның ішінде адам саудасына қарсы күрес басқармасы болмақ.

Адам саудасы әлемдегі үшінші мәселе. Бұл ауыр қылмыс түрі болып табылады. Ғаламдық проблемаға айналған адам саудасы қылмысымен күресуді әлем елдері бірлесіп қолға алды.  Адам саудасы үшін жаза да қатаңдатылды. Дегенмен, бұл қылмыс түрі азаяр емес. Мысалы, Қазақстанда жаңа туған нәрестені сату оқиғалары жиі кездеседі. Тек осы жылда елде адам саудасына байланысты 107 факті анықталған.

Ерлан Тұрғымбаев – ҚР ІІМ «Адам саудасына байланысты қылмыстарды тергеу жетілдіріліп жатыр. Жыл басынан бері осы бойынша 107 факті анықталды, сотқа 58 қылмыстық іс жолданды. Бұл қылмыстар көп жағдайда ұйымдасқан және трансұлттық сипатқа ие. Сондықтан ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментін құру жоспарланып отыр. Оның ішінде адам саудасына қарсы күрес басқармасы болады».

Бас полицейдің айтуынша, карантин барысында ішімдікке салынғандар саны артып кеткен. Бір өкініштісі жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық қылмысы да көбейген.

Айта кететіні, ағымдағы жылдың 11 айында 16 қылмыстық топтың көшбасшылары мен 130 қатысушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Шамамен 150 қару мен 960 оқ-дәрі тәркіленген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.